Һәм мәртебелі- Ұлы Жеңіс!

Һәм мәртебелі- Ұлы Жеңіс!
жеке
блог

Жеңіс! Қандай құдіретті  сөз. Бір ауыз сөзде, теңселген дүниенің қайғы-қасиеті, ащы азабы, тәтті арманы, қорқынышы мен қуанышы сыйып жатыр.

             Тарих қатпарларына жол тартқан, жан түршіктірер соғысты бастан өткізіп, бізге, ұлы бабаларымыз табыстап кеткен еркіндіктің иісін әлі күнге дейін татып келеміз. Жеңіс сөзінің құдіретін сезіндіріп, ұрпақтары ұлықтап жүрген, «Ұлы Жеңіс күні»-мәңгілік ел жадында. Адамзат тарихында жазылған каһарлы соғыстағы Ұлы Жеңіс, ғұмырымыздағы аса қуанышпен қарсы алатын мерекеміздің бірі. Жеңіс күніне қаншама уақыт өтсе де, ұрпаққа ыстық мейрам. Сол күнгі, 9-мамыр, бойды жаулап алатын сезім басқаша. Қуаныш пен қайғы. Бейбітшілік пен тыныштық, береке мен бақытқа толы кезімізге қуанып, соғыс кезінде мол еңбек сіңіріп, соғыстан оралмай қалған жауынгерлер рухына бас иіп ал, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен, ерліктеріне тағызым ететін қайғылы сезім. Майдан кешіп, елі мен жақындарынан жырақта жүріп, өлім мен өмір арасында жандарын шүперекке түйіп, өлімнің өткір жүзінде батырлық күшімен ата-бабаларымыз көздің қарашығындай аманат етіп тапсырған, құдіретті, һәм мәртебелі Ұлы Жеңіс, ешқашан біздің жадымыздан ұмытылмақ емес.

«Ер бақыты-ел қолында, ел бақыты-ерлер қолында»,-деп Ұлы Отан соғысының бас қаһармандарының бірі, батыр атамыз Бауаржан Момышұлы айтып кеткен, ардагерлер Қазақстан жұртына осы бір бейбітшілік бақытын табыстағалы міне, жетпіс алтыншы көктем.

 Жылдар өтсін, мейлі ғасыр өтсін, бұл жеңіс қазақ елі үшін мүлдем бөлек. Қазіргі Қазақстан жағдайы да тікелей сол кезге байланысты қалыптасқан болатын. Жеңіс дәмін татпаған болсақ, қазіргі сәт қандай болар еді, әрине ол жайлы ешкімнің де ойлағысы келмейтіні анық. Сол үшін, батыр бабаларымыз табыстаған еркіндік туы, қазақ елінің көк аспан төрінде еркін қалықтап ұшуына зор ықпал етті. Тұңғыш Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақ ұлтыңның, жалғыз мемлекетіңнің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»,-деп атап өткен болатын. Қазақстанның әрбір азаматы мен азаматшасы сол кездегі қаһарман аға-әпкелеріміздің орнында біз болсақ, не істер едік деген сұрақты өздеріне қоя отырып, әрекет ететін болса, әр қайсысы бірінші орында осы бейбітшілік заманға алғыстарын білдірері сөзсіз. Сол үшін, өткенімізді саралап, қолдағы барды бағалай отырып, болашақты бейбітшілік пен татулықта, жарқын өмірге бастайтын, біз болашақ ұрпақ, білімді де білгір болуымыз қажет. Тулап тұрған қан мен соғып тұрған жүректі батылдық пен қайсарлыққа толтырып, Қазақстан үшін әркез қам жеп тұруға міндеттіміз. Аға ұрпақ алып берген жеңіс әлі күнге жігерлендіріп, жанымызға қуат беріп, бойдағы батырлықты оятуға ат салысып келе жатыр, оны тек мен ғана емес, жүрегі «қазақ»  деп соғатын әрбір жан сезініп жүргеніне сенімдімін.

Жас ұрпақ, асыр сап

Шырқайды Ерлікті, ән қылып,

Небір занғар таулар шөксе де,

Ерлердің бейнесі, жасайды мәңгілік.

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім!,-міне сонау қан майдан шебінде жаумен айқасып, жанын қия айқасқан бабаларымызбен, тыл еңбегі ұшаң теңіз ардагерлеріміз рухына бас ие отырып, ұрпақтарына қалдырған теңдесі жоқ байлықты, азат елді, жерді қорғау ендігі біздің қолымызда.

Еліміз үшін, жеріміз үшін құрбан болған батырларымызға мың тағзым!!!

ҚазҰУ, Дінтану мамандығы 3 курс студенті,

Меліс Диана Оралқызы

аға оқытуш, PhD. Мұқан Нұрзат.

www.kaznu.kz