ЕЛ БОЛАШАҒЫ  - БІЛІМДІ ЖАСТАР
жеке
блог

ЕЛ БОЛАШАҒЫ - БІЛІМДІ ЖАСТАР

          Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - білім алуға зор мүмкіндіктер бар, адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Оның дәлелі, өзім оқып жатқан филология және әлем тілдері факультетінде жоғары дәрежелі ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, PhD докторлары секілді өз ісінің майдангер майталмандары студенттерге барынша сапалы білім беруде. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы болатын жастардың осы білім ордасында білім алып жатқандарына мақтан тұтамын.
            Мен, Құралбекова Роза Бауыржанқызы ,әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, «Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының I курс магистранты, 27.01.21-08.05.21 аралығында ,Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының базасында педагогикалық тәжірибеден өттім. Жалпы, педагогикалық тәжірибе екі кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде ағылшын тілі сабақтарына пассивті түрде қатысып, сабақтың өтілу барысымен, тәжірибе жүргізу талаптарымен таныстым. Екінші кезеңде «Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының ІІ курс студенттеріне  «Базалық шет тілі» пәні бойынша дәріс және семинар сабақтарын жүргіздім. Тәжірибе барысында студенттердің барлығы сабақтарға белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды уақытылы орындап отырды. Сонымен қатар, студенттер оқылым, жазылым, тыңдалым  және айтылым бойынша тапсырмаларды орындау кезінде білімдерін өте жақсы деңгейде көрсете білді. Осы уақыт аралығында жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы баға жетпес қолдау көрсетті. Студенттермен жұмыс барысында дұрыс бағдар көрсетумен қатар, оқу-әдістемелік және анықтамалық әдебиеттерді қолдану, жаңа әдістерді пайдалану жайында кеңес бере отырып, теориялық және практикалық білімді барынша ұштастыруға тырысты.

            Қорытындылай келе, педагогикалық тәжірибе менің  өз кәсібімді таңдауда қателеспегенімді және болашақта жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жоғары білікті маман болуға ұмтыла отырып, осы салада кәсіби тұрғыда дамуды жалғастыруға дайын екенімді көрсетті. Осы тәжірибе аясында жіберілген қателіктерді ескере отырып, білімімді барынша шыңдауға тырысамын. Жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, осы оқу орнының магистранты ретінде мен университетіміз өз студенттеріне толыққанды білім алу үшін және де өсіп келе жатқан қазіргі әлемнің талаптарына сай болу үшін көптеген таңғажайып мүмкіндіктер береді деп үлкен сеніммен айта аламын.

 

 

 

 

 

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы: Абдуллаева Ф.М.

            Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистранты: Құралбекова Р.Б.