«Куң-Зы»

«Куң-Зы»
жеке
блог

Қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керек деп санайтын Куң-Зы Көне Қытай мәдениетіне айтарлықтай әсерін тигізді. Ол адамгершілік мәселелерін бірінші орынға қоя отырып, халықты үлкенді сыйлауға, әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұтуға шақырды.

Осы өзіндік жұмысымда Көне Қытай ойшылы Куң-Зының өмір жолы, айтқан дана сөздері мен «论语与解释» еңбегі жайлы сөз қозғап, өз ой-пікірімді білдіретін боламын.

«Куң-Зы тағылымдары» - белгілі көне Қытай ойшылы Куң-Зы мен оның шәкірттерінің сөздері мен әрекеттері жазылған Ежелгі Қытай мәдениетінің баға жетпес жәдігері. Конфуцийшілдік саяси ойдың негізі «қайырымдылық», «рәсім» және «алтын орта» болды. Негізінен, «Куң-Зы тағылымдары» еңбегінің мазмұны Конфуцийдің сұхбаттарын, студенттердің сұрақтарына жауаптар мен студенттер арасындағы пікірталастарды қамтиды.

论语 көктем мен күз кезеңінде және соғысушы патшалықтар кезеңінде жазылған көне жәдігер болып табылады. Сондай-ақ, бұл Конфуций мен Конфуцийшылдықты зерттеуге арналған негізгі материал деп есептелінеді.

«Куң-Зы тағылымдары» еңбегіне философия, саясат, экономика, білім, әдебиет пен өнер және басқа көптеген аспектілер кіреді, олар мазмұнға өте бай және конфуцийшылдықтың маңызды бөлігі болып табылады. Жалпы, құрылымы жайлы айтар болсақ, әр мақала тарау, ал тараулар тараушаларға жіктеледі.

Жұмыстың негізгі бөлімін Куң-Зының мен үшін өте әсерлі болған сөзі жайлы пікіріммен бастаймын. Куң-Зының айтқан ойларының барлығы өз жөнімен айтылған.

Соның ішіндегі:

«Басқалар алдында мақтанбастан білімін кеңейту, шаршауды білместен ықыласпен оқу, түңілуді білместен басқаларына тәлім беру, - маған еңбексіз берілмейді» - деген сөзі болды. Расында, дәл осы жазба арқылы Куң-Зының осыншама мұраны қандай еңбекпен қалдырғанына көз жеткіземіз. Тіпті, «басқалар алдында мақтанбастан білімін кеңейту», «түңілуді білместен басқаларына тәлім беру» және «шаршауды білместен ықыласпен оқу» деген жолдары маған ерекше жігер, мотивация берді. Бұл шынайы реакция. Неге мақтанбай, білімімді одан сайын шыңдамасқа, шаршадым деп өзімді тоқтатпай оқу жолын қумасқа?

Мінеки, Куң-Зының құдыреті осында екен.

 Қытайтану кафедрасының 3 курс, шетел филология мамандығының студенті Баймахан Айнура.

Жетекшісі: Шарыпқазы Нұртәліп