ҚазҰУ-дағы сан түрлі мүмкіндіктер

ҚазҰУ-дағы сан түрлі мүмкіндіктер
жеке
блог

Мен, Тұрсунбекова Ботагөз ҚазҰУ Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының шетел филологиясы мамандығының 3-курс студентімін.  Қытай тілін таңдап, Қытайтану кафедрасына түскеніме өте қуаныштымын, 3 жыл бойы қытай тілін жетік меңгеріп, Қытайдың тарихын, әдебиетін, мәдениетін тереңірек оқып, бірнеше ғылыми зерттеулер жасадық. Сонымен қатар ҚазҰУ студенттерге көптеген мүмкіндіктер ұсынады. Өзім жайлы айтатын болсам 2019 жылы  сол мүмкіндіктердің бірін қолданған студенттердің қатарында болдым.  GPA-дің яғни сабақ үлгерімнің жақсы болуына байланысты Шанхай қаласына стипендия ұтып алдым, толық 1 ай көлемінде әлемнің ең үздік қалаларының бірінде, Қытайдағы ең үздік университетінде білімімді толықтырған болатынмен! Осы бағдарламамен әлемнің түкпір-түкпірінен Америка, Европа мемлекеттерінен, Австралия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Тайланл, Лаос мемлкеттерінен шетелдік студенттер жиналған болатын. “Chinese culinary program” программасымен қытайдың мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен, билерімен, гимнастикасымен іштей таныстық. Сонымен қатар шетелдік студенттермен танысып, дүниетанымымызды кеңейттік. Шетелдік студенттермен ағылшын тілін тәжірибелеген өте қызықты болды, ал қытайлық студенттермен қытай тілінің ерекшеліктерін талдадық. Мен үшін бұл қызықты тәжірибе болды, қазіргі кезде шетелдік студенттермен дос болып, әлеуметтік желілер арқылы байланыстамыз. Менің ойымша осындай программалар арқылы өзіннің дүниетанымынды кеңейтесін, тұлға ретінде қалыптасасын. Болашақта жақсы жұмыс орнына орналасуға көп көмегін тигізеді деген ойдамын. Өзімнің кураторым Шәріпқазы Нұртәліпке, Қытайтану кафедрасының жетекшісі Оразақынқызы Фаридаға алғыс білдіргім келеді. Студенттермен әрдайым байланыста болды, бұл үлкен адамгершіліктің белгісі деп санаймын. Бізге көмектесіп, үлкен қолдау көрсетті, үміттерін ақтаған деген ойдамыз. Ары қарай қытай тілін жетілдіремін, болашақта Қытайдың үздік университетіне магистратураға түсуге әрекет жасаймын!

 

Шығыстану факультетінің 3-курс студенті:

Тұрсунбекова Ботагөз

Жетекші: Шәріпқазы Нұртәліп