Ақшамның алтын тұстары

Ақшамның алтын тұстары
жеке
блог

«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп қазақтың ақыны, публицисті Ахмет Байтұрсынұлы бекер айтпаса керек. Қай газеттің болмасын еліміз үшін алар маңызы зор. Бүгін мен сол бір сан мыңдаған газеттердің ішінен  Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихатының ресми басылымы «Алматы ақшамы» басылымын алсам.

Алматы ақшамы – 1988 жылдан бастап шыға бастаған. Дегенмен ол кезде “Вечерняя Алма-Ата” газетінің аудармасы ретінде жарық көрген. Бірақ 1990 жылдың 17-ақпаннан дербес газет болып шыға бастады. Газеттің сол жылдардағы алғашқы редакторы  И. Бейсебаев еді. Жалпы газет сол кездері-ақ үлкен танымал бола бастаған еді. Соның арқасында қазіргі уақытта үзіксіз шығып отырған газет болып табылады.

Мен газеттің ішкі мазмұнына көз салғанда, бір жылдық мақалаларға ғана емес, бірнеше жылдар бұрын салынған бірнеше мақаланы өз мақалама өзек ретінде алдым. Ал енді сол мақалаларға көз жүгіртер болсақ...

«Алматы ақшамы» газетінің 2011 жылы 24 ақпан күнгі санында Жеңiс Шыныбековтың «Біз білетін һәм біз білмейтін Қайнар Олжай» атты мақаласы жарық көрген. Мақалада қазақтың шебер журналисттерінің бірі Қайнар Олжай туралы көптеген мағлұматтар, деректер келтірілген. Халықтың қалай Қайнар Олжайды құрметтегендігі, оның қандай көреген, білімді жан болғаныдығы туралы толық мәліметтер кездеседі. Тіпті мақаланы оқып отырып оның қандай ұлы тұлға болған деп таң қаласың. Ол кісіні жас болсын, кәрі болсын сүйсіне оқитыны, тіпті оның түр-сипаты қандай, қанша жаста екенін білмейтінін, бірақ оған қарамастан оны қалай барлығы жақсы көргені, теледидар көрмейтін жандардың өзін теледидар көргізген жан екенін білгенде біраз аңтарылып қалғаным рас. Біз білетін Қайнар Олжай мен ол кездегі Қайнар Олжай арасында бірнеше айырмашылық бар екенін түсінесің. Мақала осыдан 10 жыл бұрын шыққандықтан, кездесетін мәліметтер бізге таңсық болып көрінеді. Жалпы бұл мақала Қайнар Олжай туралы толық мағлұмат білмейтін жандарға үлкен жәрдем болары анық.

Келесі кезекте мен «Алматы ақшамы» газетінің 2014 жылғы 21 ақпан күнгі санында «Ақшамдықтар» атымен «Қатерлі ісікті емдеуге барлық ғұмырын арнаған» деген атпен мақала басылған. Мақала академик, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сайын Балуанұлы Балмұхановқа арналған. Мақалада қазақ академигінің өзінің саналы ғұмырында қандай тағылымы зор істер атқарғаны жазылған. Мақаланың жазылу себебі кейіпкердің сол күннен 1 күн бұрын дүниеден өткені еді. Жалпы мақаланы оқи отыра елімізден осындай ұлы тұлға шыққан деген күйге тап боласың... Мақала ықшамды болғанымен, көптеген мағлұматтарға көз шаласың.

«Алматы ақшамы» газетінің 2017 жылғы 7 қаңтар күнгі санында Зәкір Асабаевтың «Журналист – әнші Нәзила» атты қызықты әрі шағын мақаласы жарық көрген. Мақала ықшамды болғанымен, бірнеше қызықты мәліметтер кездестіресің. Мысалы, мында 1958 жылғы шілде айында жарыққа шыққан «Мәдениет және тұрмыс» журналы туралы бірнеше мәліметтер кездеседі. Яғни, біріншіден,  журналдың неліктен тиражы көп болып өзгеріп шығып тұрғаны туралы болса, екіншіден, редакция алқасымен таныстырады. Ал келесі бір өзгеше дерек мақала шыққан жылдан 33 жыл бұрын түсірілген, әнші деп көрсетілген Нәзила Асқарованың суреті ұсынылады. Бір қызығы Нәзила осы бір «Мәдениет және тұрмыс» журналының аудандық газеттің жауапты хатшысы, әрі мәдениет жаршысы болған. Мәне осындай бірнеше қызықты деректер кездесетін бұл мақала сол жылдары көптеген жанның көңілінен шықты деген сенімім мол...

«Алматы ақшамы» газетінің 2018 жылғы 21 наурыз күнгі санында Әшірбек Амангелдінің «Тәкең мен Жүкең…» атты қызықты мақаласы жарыққа шыққан. Мақалада Дәуренбеков Танаш және Жүнісбек Пайызов туралы қызықты, әрі қысқа мәліметтер келтірілген. Мәліметтердің барлығы өмірде болған. Мақаланы оқи отырып, бір күліп аласың. Шыныкерек ой сергітемін деген жанға керек мақаланың бірі болып табылады. Жалпы мақала естілік ретінде жазылған болуы керек, себебі мақаланың сыртқы тұрпы соған ұқсас.

Жалпы газеттің ішкі сипаты өте үлкен ақпараттық мазмұнға ие. Басылымда тек қана жаңалықтар ғана шығып отырмай, осындай тағылымы зор мақалалардың басылып тұрғаны көз қуантады. Өз сөзімді Н.Михалковскийдің нақыл сөзімен түйіндесем: «Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады».