Заман ағысындағы газет бейнесі. «Айқын» газеті.
жеке
блог

Заман ағысындағы газет бейнесі. «Айқын» газеті.

 «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі»- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы қазіргі таңда ақпарат беріп, халықтың көзі мен құлағына айналған түрлі жанрдағы газет журналдарымыз жетерлік. Деседе соның ішінде сапасы мен мазмұн тереңділігі жағынан озып тұрар газеттер саны санаулы ғана. Газет ол қандай жағдай болмасын халық пен бірге жүрер, жұртшылықты ақпарат көзімен сусындатар, қашанда елдің сауатының жоғарылауына септігі тигізер құрал болуы хақ. Бірақ сол құралдың кешегісі емес, бүгіні қандай яғни, ХХІ ғасырдың жаңа көзқарасына сай ма деген сұрақтарға жауап беріп көрелік…

Қазіргі таңда «Қазақ әдебиеті», «Абай», «Ана тілі», «Жас алаш» сынды танымдық-ақпараттық, өзіндік жеке көзқарасы бар, рухани толысқан газеттермен қатар «Егемен Қазақстан», «Айқын» және өңірлік ақпарат беруші газеттер халықтың көзінен таса қалған емес. Соның ішінде «Айқын» газетінің бүгінгі бет-бейнесіне тоқталып, мән-мағынасы турасына үңіліп, бүгінгі айдарларына назар салсақ!...

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің ең алғашқы саны – 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. Еліміздегі ең беделді де белді басылымдардың біріне айнала отырып, бұқаралық ақпарат беру кеңістігі бойынша өз орнын тауып, өзінің тұрақты оқырманын қалыптастыра білген басылым. «Айқын» газетінің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, әлеуметтік желіде бе қайта басылып келеді. «Айқын» газетінің негізгі тақырыбы – саясат, экономика, мәдениет, спорт және қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді қамтыса, «Жаңалықтар», «Өзекті», «Фоторепортаж», «Саясат», «Экономика», «Әлеумет», «Танымал» сынды айдарлармен жарық көреді.

Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелер қатарынан түспей тұрған тәуелсіз елде үрейсіз өмір сүрсем дейтін нәзік жанды қыздарымыз бен аналарымызға байланысты. Оған себеп соңғы кездегі жантүршігерлік оқиғалардың орын алып, еліміздегі заң жобасының әлсіздігі… Сондай оқиғалардың бірін «Айқын» газетінің басты жаңалықтар бетінде, «Танымал» деп аталатын айдар бойынша 2021 жылдың 30 сәуіріне жарияланған, авторы Саятхан Сатылған. Мақала «Гүлдана Санақбайдың өлі денесі Шу өзенінің бойынан табылды» деген қайғылы атаумен аталған екен. Бұл мақалада сұрапыл оқиға бастан аяқ баяндала отырып, оқиға желісінің немен аяқталғаны жайында баяндалады. «11 ақпан күні Жамбыл облысы Шу ауданында жоғалып кеткен 23 жастағы Гүлдана Санақбайдың денесі табылды. Сондай-ақ бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікті де қолға түсіп отыр.» - деп қанды жауыз қылмыскер ретінде күдіктітінің ұсталғандығынан да хабардар етті. Не дегенмен елімізде бұндай оқиғалардың жиілеуі көп қыздарымызға соққы болды десек қателескеніміз емес.

Келесі бір көзге түскен мақала «Әлеумет» айдары бойынша 2021 жылдың 5 мамырында жарық көрген «Вакцина салғызбаса, базарға кіргізбей ме?» деген тақырып аясындағы НҰРБЕК БАҚЫТтың мақаласы. «Қазіргі уақытта қалалық емханалар жанынан екпе егу үшін жылжымалы топ құрылды. Осындай мобильді топтардың бірі бүгін «Қорқыт ата» сауда орталығында вакцинация жүргізді. Барлық санитарлық талап сақталады. Дәрігер міндетті тексеріс жүргізеді. «Базарға вакцинасыз ешкімді кіргізбейді» деген ақпарат жалған екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта еркін саудаға барлық мүмкіндік бар», – дейді әкімшіліктегілер.» - деп вакцина жайлы сауалдарға жауап табылды. Бүгінгі таңда вакцина салдыру бойынша түрлі қауөсеттер тарағаны барлығымызға белгілі. Міне осы қауөсеттердің қайсысы шын, қайсысы өтірік екендігін дәйекті дәлелдермен келтірер бұл газеттен біраз ақпаратты білуімізге болады.

Газет қай заман болмасын адам баласын қажет дүние. Газет-сауаттылық пен эстетиканың жаршысы болар, адамзатты тәрбиелеуші құрал. Жаңалықтың жаршысына айналған «Айқын» газеті осылайша күн сайын рухани толысып, мән мағынасыда кеңейе түсуде. Мақала ларының тақырыбына онша мән бермеседе, сапалылығы жағынан басқа басылымдардың алды деп білемін. Басылым ғұмыры баянды да, ғұмыры ұзақ болсын деймін!!!