Сериал - ересектердің ертегісі. Эстафета

Сериал - ересектердің ертегісі. Эстафета
жеке
блог

Сериалдар... Бір жағынан, қызықты бір сериал көрсем, оны бітіріп тастамағанша, жаным жай таппайды. Ал тым ұзақ сериалдар жынымды келтіреді, оларға тіпті уақыт құртқым келмейді. Кейбір сериалдар көрерменді ұстап қалу үшін, бір әңгімені мыжғылап жүздеген серия түсіріп жатады. Ал басқалары 15-20 серияда-ақ барлық кейіпкерлердің тағдырларын шешіп тастайды. 

1. Бала кезімде көрген сериал

Бала кезімде анаммен бірге талай сериал көріп тастаған едім, арасында эстафетада аты аталған "Во имя любви" сынды бразилиялық сериалдар болған, орыстардың "Улицы разбитых фонарей" да ерекше қызық еді. Бірақ, кішкентайымда көрген сериалдардың есімде ең жақсы қалғаны өзіміздің "Перекресток" сериалы. Бұл сериал қарапайым Алматының тұрғындары жайлы, олардың тағдырларының қиылысы туралы баяндайды. Сериалда қазақ отбасының күнделікті өмірі көрсетілгендіктен болар, бұл сериал кейіпкерлері маған өте жақын болып кетті. Күнде кешке отбасымызбен қарайтын сол кездерді қатты сағындым. Сериалдың саундтрегі де ерекше. 

Вижу во сне: и вот я подросток
Губами к твоим прикоснулся губам
Это же наш с тобой Перекресток!
Слышишь? Оставь меня там, оставь меня там, оставь меня там! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазір көріп жүрген сериалдарым

Соңғы жылдары бос уақыт болмағандықтан болар, сериал дегеннің рахатын ұмыттым. Бірақ, жұмыс бабымен корей сериалдарымен танысуға тура келді... Сериалдың көкесі осы болды!!! Қазір екінші корей сериалын бітіргелі жүрмін. Корей сериалдары маған әдемі кейіпкерлерімен, қызықты сюжетімен ұнады. Сондай-ақ бұл сериалдарда ешқандай ұятсыз сценалар, кісі өлтіру дегендер жоқ. Тіпті, бір корей әртісіне ғашық болдым!!! Осы сайтта қазақ субтитрларымен жарияланған "Менің сүйіктім" сериалын көргенде күліп, орындығымнан құлай жаздаған талай сәттер болды! Қазір сол "Менің сүйіктім"-де ойнаған Ли Дон Ук (жаныыыым сол) түскен "Запах женщины" сериалын бітірейін деп қалдым. 


Жақында көріп бітірген сериалдарымның бірі -  "Теория большого взрыва". Көрмеген адамға түсіну қиын, бұл сериал маған ерекше қызық. Сериалда төрт ақылды жігіттің өмірі суреттеледі. Өзім техникалық мамандықта оқып жүргендіктен, айналам толған ақылды жігіттер. Бәлкім содан кейіпкерлердің өміріндегі қызықты жағдайлар маған таныс. 


3. Сериалға еңгізетін өзгеріс

Сериалдарда ешкім өлмесінші! Әй, адамның жүрегі жарылады ғой, анандайды көріп алып! Басқа ештеңе сұрамайм! Тек сериалдарда бәрі бақытты болсыншы! Көрермендер де мәз дегендей... Хэппи енд болмаған сериалдарды мүлдем көруге тұрарлық деп санамаймын. Өмірімде сериалсыз-ақ қаншама жаман сәттер болып жатады. Сериалда болса да бір қуанып қалайық та! 

Қортындыласам, сериал - қазіргі ересектердің ертегісі. Ал ертегілерге сену - адамның армандай алатынын көрсетеді. Ал оның еш жаманы жоқ.