Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Этикасы бар ма?

Этикасы бар ма?

Этикасы бар ма?

    

Жаздың аптап ыстығында, ми қайнатар күннің астына шыққанда "күннен қорғаушы" көзәйнек тақпайтын жандар кемде-кем шығар. Кәдімгідей көмегі бар. Көлік айдағанда да өте ыңғайлы. Түрлі-түрлі көздің жауын алатын көзәйнектер тартымды, жарасымдысы сұлулық та сыйлайды.

   Айтайын дегенім, осы көзәйнекпен кісіге амандасудың қаншалықты тәрбиелік маңызы бар?. Көзәйнекпен тұр, тұрма амандассаң болды ма?. Соншалықты маңызы қандай?. Алдыңнан біреу шықса, көзәйнегіңді алып амандасудың астарында  міндетті түрде сенің этикаға мән беруің жатыр ма? Аттап бассаң алдыңнан таныс кісі шығады. Сонда көзәйнекті бір алып, бір тағып жүруің мазаңды алмай ма?. Менде солай қалыптасқан, яғни, көзәйнегіңді, бір аласың, бір тағасың. Қалыптасатындайы да бар...

Бір жолы Пайғамбар жасын алқымдаған ағамызға көзәйнегін шешпестен келіп, жігіт ағасы «Ассалаумағалейкум»,-деп қолын ұсына бергенде, әлгі ағамыз:

-әй, тарт қолыңды, көзәйнекпен сәлем беретін сен кімсің? – деп қолын қалтасына кері салды.

Екеуіне де ыңғайсыз жағдай. Тіпті ұят. Адам сияқты сәлем берген жігіттің сәлемін кері қайтарған ағамыздың да, көзәйнегін шешпеген жігіттің де тірлігі түсініксіз. Неге сәлемін ала салмады, неге көзәйнегін шешпеді деп еріксіз ойланасың. Қайсы дұрыс?...

Сол жағдайдан бері ма, алдында қалай болғанына мән бермеппін, қазір міндетті түрде көзәйнектен «құтылып», амандық-саулық сұрасамын,   алдымнан үлкен кісі шықса. Сәлемімді алмай, ит-терімді басыма қаптап жіберетідей көрініп тұрады.

Бірақ, пендеміз ғой, өзім жақтырмай тұрған адамға мелшиіп көзәйнекпен амандаса беремін))..

Сіздер ше, құрметті достар? Жалпы қалай ыңғайлы, көзәйнекпен жүре береміз ба?))..

1929 19
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 02 тамыз 2012, 16:40
Тегтер: жаз, көзәйнек, күн, ыстық, этика
Пікірлер
+0
02 тамыз 2012, 18:10

Шын айтсам, тіптен ойланбаппын да. Көзәйнекпен амандасып жүре береміз негізі :)

+0
02 тамыз 2012, 19:04

біреудің ұрысқанын көрсең, қойып кетесің :mrgreen:

+0
02 тамыз 2012, 18:28

Меніңше, көзәйнекті алу керек :) Ол қиын емес қой )

+0
02 тамыз 2012, 19:06

;) жылтыңдап алдыңнан адам шыға берсе, тағы бале)))

+0
02 тамыз 2012, 21:34

міндетті түрде шешеді екенмін))) Көзәйнекке өзім әрең үйрендім, ұялатынмын. Ал амандасуға келсек, шешпей тұра алмаймын) :D

+0
02 тамыз 2012, 21:48

Әр кезде әр түрлі. Көзәйнекті алып, көзіне қарап тұрып сөйлескен я амандасқан жақсы сияқты. ;)

+0
03 тамыз 2012, 11:01

шешкен дқрыс секілді, өз басым аса мән бере бермейді екенмін, бірақ үлкен кісілердің алдында көзәйнекпен тұруға ұяламын! Менің туған әпкем әлі күнге дейін көзілдірік тағып көрмеген, "тақсам, өзінше адам болып кеткендей сезінемін" дейді))))))

+0
03 тамыз 2012, 11:05

))ия, солай көрінуің мүмкін деген ой менде де болады "өзінше болып" тұрған сияқтысың :)

+0
03 тамыз 2012, 11:30

Көзәйнектерге құмармын. Неше түрлісі бар) Көшеде кезіксем, шешпестен сәлем беремін. Ал ғимаратқа, мекемеге, үйге кіргенде, әлбетте, шешіп қоямын. Мысалы, менің тағы оптикалық көзйнегім бар. Сонда елмен сілемдесу үшін мен оны да шешуім керек пе?! Меніңше, онда тұрған ештеңе жоқ. Көшеде көзәйнек бола тұра, амандасудың еш әбестігі жоқ

+0
03 тамыз 2012, 11:49

әрине, оптикалық көзәйнектің ерсілігі болмайды, кейбір кісілер бірнәрсе сұрау үшін кабинетке кіріп тұрса да шешпей тұрады добалдай көзәйнегін)), сондайлар нервке тиеді.

+0
03 тамыз 2012, 14:23

Көзәйнектерді жоғалтуға, біреудің үйінде тастап кетуге мастермін)Сосын жүрем көзімді қысып.

+0
03 тамыз 2012, 16:31

:D ұқыпты болу керек деп көлгірсіп отырсам)

+0
03 тамыз 2012, 14:47

:) ал мен күн сәүлесінен қорғайтын көзәйнекті тағып көрмеппін,тақсам көз алдымда көлбеңдеп кедергі беріп тұрған секілді болады. Оптикалық көзәйнектіде сол үшін таға алмай жүрм. :(

+0
03 тамыз 2012, 16:32

міне, қызық)))

+0
03 тамыз 2012, 15:12

қара көзілдірікті шешкен дұрыс. тележурналистер де стендап жасағанда көзінен алуы керек, маңдайына ободок сияқты қыстырғаны да дұрыс емес. ауылда арзан, сапасыз, қап-қара көзілдірікпен үлкен кісілерге қол беру - әрине жиіркенішті

+0
03 тамыз 2012, 16:35

)мәселе сонда ғой дим шынымен де, әдемі, қымбат әйнектілердің ерсілігі болмайтын сияқты

+0
03 тамыз 2012, 15:42

мен амандасу ушин унемі әшкимді шешем

+0
03 тамыз 2012, 17:35

мәләдес)

+0
03 тамыз 2012, 20:25

қызықпайды екем

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев