ҚазҰУ - Мақтанышым!
жеке
блог

ҚазҰУ - Мақтанышым!

Талай жас тұлектердің арманына айналған ҚазҰУ-да оқу қуанышы бұйырғанына 3-інші жылға өтіп барады. Шынында да, арман боларлықтай атына заты сай әсем оқу орны бірден жүрегімді жаулап алды. Өз білімі мен дарынына сенетін жастар ордасы біздің ҚазҰУ.Осы керемет оқу орнын көрмегеніме міне 7-8 ай өтті. Әрине, қазір дүниежүзі бойынша тарап кеткен індеттің кесірінен біз қашықтықтан оқуға мәжбүрміз. Бірге оқитын студент жолдастарымызды, әрдайым көмектесүге дайын тұратын ұстаздарымызды экранның арғы бетінен көруге мәжбүрміз. Бізді айтпай-ақ қояйын, мектеп бітіріп келген, студенттік өмірге алғаш қадам басқан балмұздақтарымыз өзін қалай сезінді екен? Оқу орнына келгенде, біз сезінген қызығушылық, тансану сезімдерін олар сезіне алмады ғой.

Университетке аяқ тірегелі бері өзімді нағыз телегей теңіз білім ордасына, жалынды жастардың қатарына енгеніме өте қатты қуанамын. Өйткені, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз бен біздің жастарымыздың басты байлығы — сапалы білім екенін өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет атап көрсеткен болатын. Осы сапалы білімнің қара шаңырағы, Қазақстандағы білім беру жүйесінің тірегі, ескінің көзін көрген, 86 жылға жуық бай тарихы жинақталған ұлттық университетте еліміздің түкпір түкпірінен, алыс – жақын шет елдерден келіп, оқып жатқан студенттер жетерлік. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші ,әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік 800 университет арасында 207-ші орынды иемдене білген, Қазақстандағы нөмері бірінші университет сонымен қатар білім мен ғылымның ұлттық көшбасшысы.

Міне 3-інші курсты да тәмәмдауға санаулы айлар қалды, бірақ жүрегімде бүртірлі сағыныш сезімі бар. Дегенменде, кунделікті оқу орнына барып, білім алып журген біз қазір онлайн оқуға көштік. Қазір сол баяғы 1 жыл бұрынғы кездерді қатты сағынады екенсің. Қара шаңырырағының астына жиырма мыңға жуық жастарды тауға қарай домалатар, талай қыранның қанатын ұштап, қияға самғатқан студенттер сарайы, тарихы тереңде жатқан ҚазҰУ көз алдымнан кетпейді. Жақын арада бәрі орнына келеді деген улген үмітім бар.

Қандай жағдай болмасын, ҚазҰУ-мен мақтанамын. Болып жатқан жағдайларға қарамай, біздің білім алуымыз тоқтап қалмауына, бізді жігерлендіріп, әрдайым қолдап жүретін, тәжірибесімен бөлісетін ҚазҰУ ұстаздарымен мақтанамын.

 

 

 

Әл Фараби атындығы ҚазҰУ

Шығыстану факультеті

Шетел филологиясы мамандығы

Қытайтану кафедрасының 3-курс студенті Махмудова Азиза

Жетекшісі: Шарыпқазы Нұртәліп