Ресейлік МИД өкілдері мойындаған маңызды жаңалық

Ресейлік МИД өкілдері мойындаған маңызды жаңалық
жеке
блог

Осыдан 76 жыл бұрын  30 сәуір күні сағат 14:25-те лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен Қызыл әскер жауынгері Григорий Булатовпен бірге Берлинге шабуыл жасау кезінде Рейхстаг ғимаратының бас кіреберісінің баспалдағына қызыл туды бірінші көтерген. Алайда, Ресейдің МИД өкілдері жауынгерлеріміздің бірінші болғанын жақында мойындаған болатын. Ескере кететін жәйт, ұзақ уақыт бойы ресми мәліметтерге сәйкес, лейтенант Алексей Берест пен кіші сержант Мелитон Кантариямен бірге Михаил Егоров Рейхстагқа қарсы Жеңіс туын бірінші көтерді деген мәліметтер болған. Алайда, қанша жыл мойындалмаса да, тарихты өзгерту мүмкін емес.

 

 

 

Қошқарбаев және Булатов ерлік пен батылдық үшін атап өткен ресми мәтінде былай делінген: "Рейхстаг сатысынан көтерілген алғашқы жауынгерлердің арасында 20 жастағы лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен 19 жастағы Қызыл әскер жауынгері Григорий Булатов болды. Жауынгерлердің өздерімен бірге қолдан жасалған жалауша - қарапайым алқызыл жайма ұстаған тутұғыр болған. 150-ші дивизияның соғыс журналына сәйкес, сағат 14:25-те олар ғимараттың орталық бөлігіне көтеріліп, негізгі кіреберістің баспалдағына Қызыл Жалау ілді”, - деп, мәтінде айтылған.

 


Сондай-ақ, Ресейлік МИД батырларымыздың осындай еңбегі үшін Орденмен марапатталғанын атап өтті. Еске салсақ, Қошқарбаевқа арналған ескерткіш оның Отаны - Қазақстанның Ақмола облысында, сондай-ақ, еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан, ал Григорий Булатовқа арналған ескерткіш Ресейдің Киров қаласында орнатылғанын атап өткеніміз жөн.

 


Еліміз аман болсын! Отан үшін жан берген жауынгерлеріміздің есімі әрқашан халық пен болашақ ұрпағымыздың аузында болсын!