Бүлдіргі

Бүлдіргі
жеке
блог

Блогшылардың басынан өткен бір күндік қызықтарын оқып отырып, ойыма мына бір кез орала кетті

Өткен жылы сыныптас құрбыларыммен пәтер жалдап тұрдым. Асығыстығымнан қыздарға көп кедергі келтіріп жүруші ем))) Кезекті демалыста үйге «генеральная уборка» жасағым келсе керек...тез-тез қимылдаймын деп жүріп, қосылып тұрған кір машинені сөндіріп алдым. Құрбым Жайлау өзінің сүйікті ойыншығын жуып жатыр екен. Білдіртпей қосып қойдым, сөйтсем 30 градусқа қойған дүниесін 90 градус ыстыққа бір-ақ айдаппын)) ол ол ма!? Жайлауға деген «қастандығым» бітпегендей, ас үйге суытып дайындап кеткен емдік шайын «қыздар неге артын тазалап жүрмейді осы» деп бұрқылдап жүріп төгіп тастаппын)) сол кездегі Жайлаудың маған ренжігені соншалық, оның алдында өзімді әлі кінәлі сезінем...