Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жаңа кезексөз - Бір күн

Жаңа кезексөз - Бір күн

Жаңа кезексөз - Бір күн

Сәнияның "Қызыққа толы күні" мен Мерудің "Қызыққа толы көп күндердің бірі" атты жазбасып оқып отырып,  есте қалған ерекше күн туралы кезексөз жазғым келіп кетті )

"Жұмбақ блогшымыздың" арты саябырсылап қалғанымен, "өз заманында" дүркіреп тұрып жүргені рас :) Дегенмен, жаңа кезексөз бастайтын уақыт жетіп қалған секілді. 

Жаңа кезексөз - "Бір күн" )) Есте қалған ең ерекше күніңізді не қарапайым күндеріңіздегі қызықты оқиғаларды тізуіңіз керек. Кезексөз соңынан жазбаны қызықты етіп жазған блогты таңдаймыз. Массагеткз жеңімпаз блогшыға арнайы құпия сыйлық дайындап қойыпты :) 

Мынау менің есімде қалған ерекше күннен естелік.

Бүгін таңертең кештеу (әдеттегі жексенбіден ертелеу) сағат 10-дарда ояндым. Жоспарлаған кезек күттірмейтін шаруам бар еді, ұйқыдан оянған бойда, атып тұрып, сол жұмысымды бітіруге асықтым.

Әйтеуір, шаруамды бітіріп тыныш таптым-ау... КазГУ -дың қасынан өтіп бара жатсам, қалашықта әлдебір той өтіп жатыр. Қарақұрым халық. Қызығып кетіп, мен де барып қалың топтың арасына кіріп кеттім. Студенттер сарайының алдында концерт өтіп жатыр екен. 

Біраз таныстарымды ұшыратып қалдым. Ағайларым мен апайларымды көріп, амандастым. Қалашық біртүрлі бөтен... Аттың басын анда-санда бұрған соң, бөтен болмағанда қайтсын?.. Бөтен демекші, бір ағайымды байқамай қалып, ұятты болдым. Жеңімнен біреу түртеді. Жалт қарасам, сол ағайым. "Оееебуууй, бітірдім деп... амандықтан қалыпсың ғой!" Әлбетте, олай емес. Мені біреу бөтенсімесе, мен ешкімді бөтенсімеймін... Дәл сол сәтте, бұл оқиға қайталанғандай болып кетті. Саиданың мерсіне отыра бергенімде де, бұл сәт өмірімде бұрын болғандай күй кештім. Дежа вю.

Жаңа телефонға ескі телефоннан алып симкамды салдым. Енді ашайын десем, кілт сөзді есіме түсіре алар емеспін. Сатушы аң-таң. Қалайша? ) Ақыры есіме түспеді. Ол ол ма, банкоматтың да кілт сөзін есіме түсіре алмадым. Маған не болған?)

Жалпы жүйке жүйемде бір өзгерістің болып жатқаны рас. Таптым! Ұйқы екен ғой... Көп күн бойы түн ұйқымды төрт бөліп жүрмін... )

Бәрі Олимпиаданың "кесірі" ^_^

Кезексөз таяқшасын айналдырып-айналдырып тұрып, Жакоға лақтырдым )))

732 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 01 тамыз 2012, 13:41
Тегтер: кезексөз, Массагеткз, Массагет сайты, бір күн, күн, уақыт, өмір, Олимпиада-2012, Лондон Олимпиадасы
Пікірлер
+0
01 тамыз 2012, 14:08

Маған осы кезексөз қатты ұнап тұр! ;) :)

+0
01 тамыз 2012, 14:16

жақсы бастама)) банкоматтың құпия кілтін мен де жиі ұмыта беремін

+0
01 тамыз 2012, 14:18

күшті, маған да ұнады!

+0
01 тамыз 2012, 14:19

Тақырып мықты))) Небір қызықтарды оқып, күлкіге батамыз деген ойдамын)))

+0
01 тамыз 2012, 14:29

Бір рет банкоматтың паролін екі рет қате теріппін. Үшінші рет ойымды жинақтап, дұрыстап тердім. Үшіншіде уже жүрегім дүрсілдеп, шошып кеттім ғой. ))

+0
01 тамыз 2012, 14:37

Банком ат паролін менде ұмытып қаламын кейде, сосын ұялы телефрныма жазып қойдым))

+0
01 тамыз 2012, 14:37

Жақсы кезексөз екен!

+0
01 тамыз 2012, 14:38

:) керемет! енді Жакодан келесі кезексөзді күтеміз ;)

+0
01 тамыз 2012, 14:40

мен де бир куни осылай жазба калдырармын. дежа вю менде де жии болып турады. киналып журген саттеримде дежа вю болады да оз сабама келемин, ягни осылай болуы керек екен гой деймин де кадимгидей барлыгы басылады.

+0
01 тамыз 2012, 14:44

Сен қызда битамин аз ау дим! Әйтеуір осы қыз-ақ бір бәлеге кезігеді де отырад! Болды!!! Ондай оқиғаларға енді қашан нүкте қоясың? Жалпы өмірің шытырман оқиғалы фильмдерден аумайды екен! :ugeek:

+0
01 тамыз 2012, 14:45

Дежавю не екенің білесің бе? Дежавю не екенің білесің бе?

+0
01 тамыз 2012, 14:52

банкоматтын паролін мен де ұмытып қала беремін. Неше күннен бері массгеттің құпия сөзін ұмытып қалып пікір жаза алмай сырттарыңнан телміріп қарап жүрдім. Енді Анаркадан сұрауға оқтала бергенде бір шансың бар дегендей бір рет байқап көріп едім. Жарықтық, ашыла кетті. Сосын Стамбулдан елге оралған соң телефон нөміріме бірлік салайын десем нөмірім есіме түспей құрбымнан алғам өз нөмірімді. Кейде өз үйімнің телефон нөмірін ұмытып қаламын. Бірақ, біреудің сөзін өмірі ұмытпаймын. :D

+0
01 тамыз 2012, 15:21

Банкоматтың паролін мен де ұмыта беремін, анда-санда жұмсайтын қызым бар, сол қыздан сұраймын))) Эстафета тоқтамасын енді!

+0
01 тамыз 2012, 15:38

жақсы бастама, мен жоспарлы күниме есеп жасаймын. ертенгі күніме! массагеттің қыздары банкоматтан айына бір ақ рет ақша алады екен, пин кодты ұмыта береди екен.

+0
01 тамыз 2012, 16:09

:D оны да біліп қойдым десеңізші

+0
01 тамыз 2012, 22:08

жоқ бұл жолы өткендегідей білмедім :D

+0
01 тамыз 2012, 16:10

Сіз миыңыз ұйықтап жатқан кезде ойланып мазалап алғансыз-ау :D Қызық бопты ғой)))

+0
01 тамыз 2012, 16:25

тамаша бастама екен))) ұнады

+0
02 тамыз 2012, 21:37

эстафета ұнап тұр. Банкоматтың паролі демекші, сандарды тез жаттайтын қасиетім бар. маған ұмыту қиын болатын шығар :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев