Өмірдің мәні неде?

Өмірдің мәні неде?
жеке
блог

Әркімнің мақсаты - әртүрлі, алайда, адам алдына қандай болмасын бір мақсат қоюы керек. Онсыз өмірдің мәні болмайды.

   Ар - ұят, ождан деген ортақ өлшемнен аттап өткендердің өкінішке душар болары хақ. Адам өзінің жан - дүниесінің қайырымдылықтан, кеңпейілділіктен, рақымнан қалыптасуын ойлауы тиіс. Өзгеге қамқорлық жасаудан рахат табу да жақсылық. Шын пейілмен жақсы дос бола білу де өмірдің мәні бар.

 Ождан тазалығы үшін тіршіліктегі кейбір ұсақ - түйектен, кейде тіпті үлкен дүниеден де өзіңді биік ұстауға тура келеді.

   Қателігін, кінәң үшін дер кезінде бізді жаратқан табиғат алдында парыздар екенімізді ұмытпаумыз қажет.Өмір деген - өз қолыңнан бірдеңе жасардай шығармашылық. Алайда бұл адамның бәрі суретші, биші немесе ғалым болуы керек деген сөз емес. Бір ортаға келген адам өзімен бірге түксиген көңілсіздікті, күдіктеніп отыратын секемшілдікті ала келуі де, сондай ақ, ақжарқын мінезбен шуақ, қуаныш шаша кіруі де мүмкін.

Өмірде адамның соңында ол туралы естелік қалады. Кімнің қандай із қалдырмағаны - өзінен