әл-Фарабидің "Қайырымды қала" идеясы

әл-Фарабидің "Қайырымды қала" идеясы
жеке
блог

«ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандығының 1-курс магистранты Дүйсенбі Динара Темірбайқызы, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Мұқан Нұрзат жетекшілігімен «Дінтану» мамандығының 1 курс студенттерімен әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатын талқылауға арналған онлайн форматта іс-шара өткізді.

Іс-шара 1 курс студенттеріне қысқаша «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы туралы баяндаудан басталып, жобаның мақсаты – ҚазҰУ-ға оқуға келген жас студенттің төрт жылда жүз кітапты оқып шығуы азаматтық борыш екендігін сезіндіріп, жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыруында екендігі аталып өтті.

Әл-Фарабидің аталмыш трактатының маңыздылығы – автордың өз еңбегінде қала болып қауымдасып өмір сүретін адамзат баласының өзара ешбір қайшылықсыз, мінсіз идеал қоғамы қандай болуы керектігін жан-жақты сипаттауында деуге болады.

Осы іс-шара арқылы студенттер арасында кітапты қадірлеуді, кітап оқуды насихаттау, жастардың өзін-өзі дамытуына ықпал ету. Сонымен қатар, қайырымды қаланың философиялық, тәрбиелік мәні неде екендігін талқылап, студенттермен ақпарат алмасу.

Іс-шара барысында автордың трактатта ұсынған негізгі идеясы және оның қазіргі қоғамдағы маңыздылығы кеңінен талқыланды. Сабақта видеороликтер ұсынылып, сөзжұмбақтар шешіліп, студенттер өзара сұрақтар қоя отырып,  әл–Фараби туралы қызықты деректермен ойларын бөлісті.

Сабақтың соңы студенттердің трактат мазмұнынан түйгендерін және Әл-Фараби идеясы әмбебаптылығы мен шынайы өзектілігінің арқасында заманауи Қазақстан қоғамының әлеуметтік рухани өмірінде өзінің маңызын жоғалтпайдығы туралы идеяларын ортаға салып, кафедраның аға оқытушысы Нұрзат Мұқанқызы іс-шарамызға өз пікірін айтып, алғыс білдірумен қорытындыланды.

 

www.kaznu.kz