Сол! Дәл өзі! Жоқ әлде ол емес пе?..

Сол! Дәл өзі! Жоқ әлде ол емес пе?..
жеке
блог

Кеше ғой... Үйге қайтып бара жатқам маршрутта. Ең артында отырғам. Бір кезде адамсың ба, басқасың ба, жұмысы жоқ жұртпен сығылысып бір кісі кеп тұрып алды. Түрі таныс! Мен оны бір жерден көргем! Мүмкін емес! Сол ма? Күзде 32 автобусқа мінерде телефонымды ұрлап кеткен адамға қатты ұқсайды. Ол кезде де дәл осылай суық түсті адамды көргем. Ол кезде де дәл осылай суыт қимыл жасап көппен итерісіп қалтама арам қолын салып оңай ие болға қалған телефоныма.

Бәрі таныс... Осы суыт қимылдар да...

Кезекті бір "жорығынан" келе жатқан сияқты көрінді маған. Бірақ бұл автобусқа "сүйікті ісімен" айналысу үшін емес, тек қайту үшін отырғандай. Бір кезде дәл соның жанындағы орын босап, сонда жақсылап жайғасып отырып алды. Қалтасынан телефон шығарды. Түріне қарасам, қымбат телефон... Аппақ наушникті шығарды да шұқылады да отырды әлгіні. Өзінікі болар дейін десем, ішкі ойым жібебер емес. Түріне, киім киісіне, өзін ұстауын, көпшілік ортадағаы тұрысына тіпті келмейді әлгі телефон. Жарайды, мүмкін өзініңкі болар. Жоқ, бірақ олай емес те секілді. Алды артына елең-елең етіп отыр. Екі көзім сонда болды. Алла кешрісін, мүмкін жазықсыз айып тағып отырған болармын. Сонда да дәл өзі екеніне сенімді де емеспін. Сондықтан да отырмын ішкі оймен арпалысып. Алла куә, егер талайдың аузынан жырып алған телефондарын ұрлаған сол жан болса, ар алдында жауап берер... Сосын Алла алдында...