Ғылым тарихы туралы бірер ой

Ғылым тарихы туралы бірер ой
жеке
блог

 

         Әлем – ерекше жаратылыс. Оның ішіне адам да, жан-жануар, барлық тіршілік атаулысы еніп кетеді. Осы әлемнің жаратылысы, ерекшеліктері туралы қаншама ғасыр небір ұлы данышпаш тұлғалар, билеушілер зерттеу жүргізіп, мәнін ашуды мақсат тұтты. Ғылымдағы қай саласыны алсақ та, ол осы әлемнің жаратылуын қарастырады. Мысалы, философия – өмірдің мәні, негізгі өзегін пәлсапалық тұрғыда қарастыратын болса, математика – сандық тұрғыдан зерттеп, сырын ашуға ұмтылады.

         Ғылым – адамзаттың осы уақытқа дейінгі даму жетістігінің негізі. Ғылым болмаса, ғылымға деген қызығушылық болмаса сол бұрыңғы технология атымен жоқ, оны бар екендігін ойлауға қорғатын дәуірде өмір сүруіміз ықтимал еді. Бірақ адамзаттың тарихындағы ұлы ойлар, оны жүзеге асырған тұлғалар арқасында қазіргі таңда өмір сүріп отырмыз. Дегенмен ғылым тарихында, жалпы тарихта орын алған кез-келген оқиғаны ақтап та, даттап та алуға болады. Осы уақытқа дейін революциялық, эволюциялық қарқынмен орын алған тарихи оқиғалар адамзат дамуын бірнеше сатыға ілгерілетіп, септігін тигізді. Ғылымның арқасында жер шарын, аспан әлемінің бөлшектерін зерттеп, жаңа ғылым салалары, оның негіздері қаланды. Технология дамып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетті. Міне, осының барлығы дерлік ғылымның, өркениеттің дамуының арқасында. Дегенмен қазіргі таңда қанша жерден технология, ғылым дамыды десек те, Мысыр пирамидаланың, Петра жазығындағы ескерткіштердің, біздің ғасырымыздан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген өркениеттердің сырын аша алмаудамыз. Әрине, әлемнің ірі-ірі ғалымары өзіндік зерттеу еңбектерін жүргізіп, қарастырды. Соған қарамастан әлі нақты байлам, нақты пікір білдіру өте қиын екендігіне көзіміз жетті. Осы жерде неге олай деген заңды сұрақ туындайды. Шынымен, кейбір тарихшылар, зерттеушілер айтпақшы бұрын өмір сүрген өркениет ошақтарында білім, ғылым қазіргі заманнан артық болған ба? Ол да белгісіз. Осы секілді адам санасын сан ойдың жетегіне жетелейтін гипотезалар өте көп. Парадокс. Уақыт өте келе тарих ғылымға айналды.

         ХІХ ғасырда ғана ғылым кәсіби болып қалыптасты, ал «ғалым» ұғымы білімді адам ғана емес, білімді адамдардың белгілі бір бөлігінің кәсібін білдіре бастады. Бұл дәуірде қазіргі ғылымның негізгі институттары қалыптасып, ғылымның қоғамдағы рөлінің өсуі оның ұлттық мемлекеттердің қызмет етуінің көптеген аспектілеріне енуіне әкелді. Бұл процесстерге қуатты, серпінді өнеркәсіптік революция берді, онда ғылыми білім технологиялық жетістіктермен астасып жатты. Технологиялардың дамуы ғылымның дамуына түрткі болды, ал соңғысы өз кезегінде жаңа технологияларға негіз жасады. Жаратылыстанудағы ғылыми төңкеріс философия мен әлеуметтік ғылымдардың өзгеруіне алып келді, оның дамуы осы кезеңде теологиялық дауларға тәуелді болмай қалды. Кант пен Юм зайырлы философияның негізін қаласа, ал Вольтер мен атеизмнің таралуы шіркеуді Еуропа халқының күн санап көбейіп келе жатқан қабаттары үшін философиялық мәселелерді шешуден мүлдем алшақтатты. Адам Смиттің еңбектері заманауи экономиканың негізін қалады, ал американдық және француздық революциялар - әлемнің заманауи саяси тәртібі ретінде жүзеге асты. Сонау Х-ХІ ғасырларда Араб, Орта Азия жерін мекендеген ойшылдардың қалыптастырған салалары, жүріп өткен ізгі жолдары бірнеше ғасыр өткен соң барып, Еуропа өркениетіне жетті. Соның негізінде Еуропа мәдениеті, ғылымы тың ізденістерге ие болып, қарқынды дами түсті. Сол үшін ғылымның негізгі бастауы, қайнар көзі қайда жатқандығына мән беруіміз қажет.

         ХVІ-ХVІІІ ғасырлар аралығында эмпиризм, рационализм ілімдері тереңірек сипат алып, жаңаша көзқарастар қалыптастыруға әсер етті. Осы аралықта Ф.Бэкон, Р.Декарт сынды тұлғалар ғылымның даму бағдарын дұрыс арнаға бұруды қажет деп тапты. Соның арқасында әдістер қалыптастырып, дүниені тануға тырысты. Ол басқа ғылым салаларында көптеген ашылуларға алып келді. ХІХ-ХХ ғасырларда идеологияның, бихевиоризмнің және халықаралық қатынастардың дамуына байланысты саясаттануда бірнеше жаңа бағыттар пайда болды: сайлау жүйесі теориясы, ойын теориясы, геосаясат, саяси география, саяси экономика, саяси психология, саяси әлеуметтану, қоғамдық басқару теориясы, салыстырмалы саяси талдау, конфликт теориясы.

        Екінші дүниежүзілік соғыс атом бомбасында үлкен инвестицияларды, үлкен машиналар жасауды және ғалымдардың көбеюін қажет ететін физикалық эксперименттерді бастайды. Олардың негізгі жұмыс берушілері армия үшін де, өндіріс үшін де ғылым мен техниканың маңыздылығын түсінетін үкіметтер болды.  Ғылым, білім қаншалықты дамыса да, әр нәрсенің тиімді, тиімсіз жағы болатыны еске түседі. Сол секілді ғылыми ашылуларды мақтайтын, даттайтын пікір қарама-қайшылықтар көбейе түсті. Оған ғылым тарихы әлемінде «сциентизм» және «антисциентизм» деп аталатын ұғым берілді. Осы екі ұғым арасында тартыс әлі күнге дейін жалғасуда.

          Қорытындылайтын болсақ, өмірді, жаратылысты, оның ерекшеліктерін тереңірек білуіміз үшін ғылым күннен күнге дамуы қажет. Сол арқылы мәдениет, әдебиет, тарих жаңа арнаға түсіп, қызығушылық көбейеді. Тарихты зерттеу - қазіргі білім берудің негізгі бөліктерінің бірі. Тарих өткен өмір туралы білім саласы ретінде қоғам туралы ғылымдардың негізін қалады және басқа ғылымдармен бірге адамның дүниетанымын қалыптастырады. Онсыз қоғамдық дамудың ғылыми теориясын құру мүмкін емес, ол қазіргі қоғам алдында тұрған алуан түрлі мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін дамыту жағдайында ерекше маңызды.

 

Мағазбеков Н.Ж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 1 курс магистранты,

Жанатаев Д.Ж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры