Жыл сайын Қасиетті Рамазан айы төрімізден орын алып, мұсылман қауымы қуанышқа кенеліп жатқанда есіме балалық шағымдағы бір оқиға есіме түседі де тұрады.
Рамазан деген ұғыммен қатар жүретін Жарамазан деген дәстүр бар қазақта. Сіз де кезінде бала болып көрдіңіз, демек Жарамазан айттыңыз деген сөз. Немесе күн батып, қараңғы түскенде тереземізге
Ақ тауық, қызыл тауық құрман шашар-ей!
Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар-ей!
Теңгемді шашпай-ақ қолыма бер...(есімнен шығып та қалыпты)
Алып шық, алып шық, сары табаққа салып шық
Сары табаққа сыймаса, етегің салып шық, -деп Жарамазан айтатындарға тыйын-тебен, тәтті тағамдар беріп, батасын алғанда боларсыз.
Мен де Жарапазан айтып көргенмін. Есімде әкем өзімнен бір жас үлкен әпкем екеумізді екі иығына мінгізіп алып, көршілердің үйіне Жарапазан айтуға апаратын. Әпкем екеуміз атамыз үйреткен Жарамазынымызды айтып тәтті мен тиынға қарқ болатын да қалатынбыз.
Бірде Бейсенкүл деген көрші апаның үйіне Жарамазан айтып барғанбыз. Ұзақ айттық. Күн суық(Ол кезде Ораза қыс айларында болатын). Әлі айтып тұрмыз, әлі айтып тұрмыз...Ешкім шықпады. Әкем тоңып қаларсыңдар, қайтайық деп жатқанда, апа үйінен шықты. Біз екеуміз жарысып тұрып батамызды бердік, апам қолымызға екі тілік бөлке нан ұстатты. Аң-таңбыз! Тиын-тебен жинап жүретін, небір тәтті тағамдарды жеп үйрегенген аталарының ерке қыздарына әлі ешкім нан беріп көрмеген екен. Әкем Жарапазанда алғанды жеп қою керек деген соң, нанды үйге жеткенше жеп алдық. Сол нан да, нанның дәмі де әлі күнге дейін жадымнан кетпейді...
Бізге әлеуметтік желілерде де қосыл
Instagram Вконтакте Facebook Twitter