********

********
жеке
блог

Жаз қадірін ұғады екен қыс ғана,
Қыс қадірін түсінетін жаз ғана.
Сол секілді қыз қадірін ұғар тек,
Жайсан жанды,өр мінезді ер ғана.
Қуаныштың не екенін ұға алмас,
Ешбір пенде,жас алмаған жанарға,
Болашақта аңдып басар қадамын,
Өткен күннен сабақ алған жан ғана.
Жанға түскен жара менен қайғыны,
Жазады екен жылы сөз бен ән ғана,
Бақытыңды бағалай біл өйткені,
Бұйырмайды бақыт деген әр жанға.