Алғашқы жазба

Алғашқы жазба
жеке
блог

Ғаламтор мен үшін қатынас құралы. Ол көрермен мен өнер иесінің арасындағы көпір сияқты. "Массагет" тек қазақ тілінде жасалған сайт дегеннен кейін өзімді тіркедім. 

Не жазарымды білмей отырмын. Алдағы уақытта үйреніп алып, еркін ойларымды осы жерде тізіп жүретін боламын деп ойлаймын.

Өзімді таныстырсам, есімім — Жігер. Кегендікпін. Меломэн тобының әншісімін!

Жаңалықпен бөліссем, 2011 жыл біз үшін сәтті жыл болды. Бірнеше конкурстарда бақ сынап, алдыңғы орындардан көріндік. "Саз әлемі" жобасында "жылдың ең үздік бойзбенді" деген номинацияға лайық деп танылдық. Әндерімізге сұраныс көбейгендей... Осы жылы "Келеді кездескім" әніне Музарт тобымен бірігіп, бейнебаян түсірдік. Ол көптің көңілінен шығып, елдің ықыласына біраз бөлініп қалғандаймыз. Дәл осы жылы твиттер, фэйсбук деген сияқты желілерден көріне бастадым! 2012 жылға құрылған жоспар көп. Жүзеге асып жатса, осы жерде сіздермен бөлісіп отырамын, иншаллаһ!

Айтпақшы, мына сайт маған ұнап тұр. Қазақшалығы қуантады. Аздап түсінбей тұрмын. Мұндай сайттар көбейе берсін деп тілеймін!

Келген 2012 жыл барлық жанға жақсылық әкелсін! Аманшылық пен бейбіт өмірді Аллаһ нәсіп етсін!

Мені достар қатарына қосыңыздар!!