АКЖИГИТ КАЛАМКАС ЖАМБЫЛҚЫЗЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ

АКЖИГИТ КАЛАМКАС ЖАМБЫЛҚЫЗЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ
жеке
блог

ЖИ және Big Data кафедрасының эдвайзері Акжигит Каламкас Автоматтандыру және басқару мамандығының 3 курс студенттерімен «100 кітап» жобасы аясында Ақын Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі «Құлагер» атты жазылған еңбегіне және  қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арналған ашық кураторлық сағаты өтті. Студенттердің поэмаға өз ой-пікірлері тыңдалды. Куратолық сағат студенттердің, «Қазақ поэзиясының Құлагері» деген: «Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын, әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдыраған нәзік лирикалық сезім, серпінде, кең эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғыраған кәдімгі он бір буынды  қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мәнінде поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіров творчествосының биік шыңы деуге толық дәлел бола алады» — деп түйген болатын. Тілінің байлығы, тазалығы, мөлдірлігі мен бейнелілігі жағынан «Құлагер»  қазақ поэзиясындағы ең үздік поэмалардың бірі деген сөзбен аяқталды.