"Журналист" газеті қалың оқырманмен қайта қауышты

"Журналист" газеті қалың оқырманмен қайта қауышты
жеке
блог

Осыдан бірнеше ай  бұрын газет уақытша шығуын тоқтатқан болатын. Міне, содан бері газет қайта жанданып, тұрақты оқырмандарына ұсынылып отыр. Аталмыш газеттің жарық көруіне университет табалдырығын енді ғана аттаған журналистика факультетінің 1-курс студенттерінің қосқан үлесі орасан зор. Бұл ретте газеттің жас оқырманы, журналистика факультетінің 1-курс студенті Сұлтан Бағдат: "Газеттің бізге берер пайдасы орасан зор. Газет ішіндегі түрлі тақырыпта жазылған әңгіме, мақалалардан бөлек сұқбаттар мен жауқазын жырларды оқи аламыз",-деп өз пікірін ортаға салды. 

       Иә, расында газеттің әр бетін парақтай отырып қызықты тақырыптарды көзіңіз шалады. Дизайнының өзі бір төбе. Осыдан-ақ журналистика факультетінің есігін қаққан жас толқынның дизайнерлік шеберлігін, күн санап артып келе жатқан ізденісін көріп қуанасың. Жастар қарлығашы деп саналған "Журналист" газеті студенттердің ой-өрісін дамытып, шығармашылық қабілетін арттыруға, тәжірибе жинақтап, сапалы мақалалар дайындауға айтарлықтай мол мүмкіндік болды. "ҚазҰУ-85", "Қоғам", "Әдебиет әлемі", "Дәстүр", "Студент күнделігі", "Талант пен талғам, "Ғұмыр-дария" сынды айдарлары бар бұл газет өз оқырмандарын жаңалықтар мен әдебиет әлемінен хабардар етіп қана қоймай, студенттердің болашақта редакторлық, дизайнерлік салада тәжірибесін қалыптастыруға ықпал жасады. Тағы бір айта кететін дүние газетте кезінде әдебиет әлемінде қолтаңбасын қалыптастырған Қ.Бекхожин, Н.Омашев, С.Қозыбаев, Т. Қожакеев, Т. Амандосов, Б. Жақып секілді ұстаздардың еңбектері жарық көрген.

     "Журналист" газеті әрмен қарай өз жалғасын тауып, келешек жас ұрпаққа сапалы ақпарат ұсынады деген сенімдеміз!


Алтынай МАЛИКАЖДАРОВА

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

журналистика факультетінің 

1-курс студенті