Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Той - қазақтың қазынасы ма? Әлде...

Той - қазақтың қазынасы ма? Әлде...

Той - қазақтың қазынасы ма? Әлде...

Жаз – қарбалас жұмыстан бір сәтке босап демалысқа шығатын, алуан түрлі жемістердің пісіп-жетілетін кезеңі  ғана емес, онымен қоса Той жасаудың нағыз маусымы десек артық айтқандық емес. Келісесіз ғой!? Мейрамханаларда күн сайын дүркіреп өтіп жатқан салтанатты кештер мұның айқын дәлелі бола алады

Біздің шаңырағымызда да той болды жақында. Соған барып келген жайым бар. Әкем мен шешем алақандарында аялап отырған жалғыз ұлдарының мұсылман болу құрметіне өрісті өлке Оңтүстікті дүбірлетіп той жасады.


Балапанымның жұлдызы қашанда жарық болсын!!!

Айтпағым күні кеше өткен Рамазанның тойы жайлы емес еді. Той өзіміз ойлағандай өтті, шүкір. Негізгі айтпағым өзге тойларды көріп, түйгенім немесе "Қазақтың қазынасы» деп аталып жүрген осы бір дәстүрдің жалпы жағдайы туралы еді.

Жалпы алғанда, бiздiң ұғымымызда той – елдiң жылдар бойы жинаған рухани iшкi байлығының сарқып көрiнер ортасы. Сол себептi де, қазақ тойды “халықтың қазынасы” атаған. Ал қазір ше? Той – біздің қазынамыз ба? Әлде сол тірнекетеп жинаған қазынаны төгіп-шашатын мағынасыз дерт пе?

Бүгінгі тойлар – мақтан үшін жасалатын секілді көрінеді. Пәленшеден қалмайық, түгеншеден асайық деп жиған-тергенін түгел шашып, берекесін шайқап жасалатын тойлардың қадірі қаншалықты? Сонда бүгінгі тойдың мақсаты сол ма? Өзінің ет-жақын туысытарымен қуаныштарын бөлісудің орнына, оларды шетте қалдырып, екі туып бір қалғаны жоқ қызметі үлкен көкелердің асты-үстіне түсіп, бар құрметті соларға көрсететін той қожайындарына айтар назым көп менің.

Соңғы кезде тойға белгілі әншілерді, бишілерді, сиқыршыларды шақыру сәнге айнлалып кетті. Тап бір концерт секілді өткізілетін тойларды көріп жүрміз. Оны сіз де көріп жүрсіз.

Ал кейде той – табыс үшін жасалама деп қаламын. Қуаныш иелері үшін маңыздысы - ыстық көңіл мен ақ тілек емес, аңдығаны жұрттың әкелген тойханасы. Кім көп берді сонымен дос, кім аз берді оған пыш-пыштап өкпелеп жүретін қазақтар-ай!


Тілектер...Қазақ өзі сөзге шешен халық қой. «Ал, не дейміз» деп басталатын тілектерді тоқтата да алмай қаласың. Кеше інімнің тойында жүріп әбден күлкім келді. Еркелігі ма, ұялшақтығы ма Рамазан той төріне аз ғана отырды да ешбірімізді тыңдамастан достарымен сыртқа ойынға кетіп қалды. Себепкері болмаса да той жалғаса берді. Бір апаларымыз бен ағалармыз: «Рамазан, балам үлкен жігіт бол, сабағыңды жақсы оқы...» деген тілектерін жаудырып жатыр. Бірақ Рамазан жоқ. Сонда ол тілектер жай айтыла салған сылдыр сөз болғаны ма...

Ээээх, содан той аяқталғанша, бiреулер жөнді-жөнсіз кіріп-шығып, келесілері күліп не жылап, қала берді өсектен періп, ал ендеі бiреу тойғанша iшедi, бiреуi жын-ойнаққа салынып билейдi, аяғында сайтан суға тойғандардың бiреуi бiреудi сүйреп, бiреуi бiреудi сүйiп... бiреу бiреуге жұдырық ала жүгiрiп, жиналған жұрт жамырап сала берді. Міне, бүгінгінің тойы...

Әрине, «бес саусақ бірдей емес», дегенмен, «бір құмалақ май бір қарынды шірітеді деген» тағы бар.

2814 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 27 шілде 2012, 14:30
Тегтер: той туралы ой, той-қазақтың қазынасы
Пікірлер
+0
27 шілде 2012, 15:12

Той - қазақтың төлқұжаты ғой, қанша шашылса да, тойды қазақ асыға күтеді, той болмаса, сағынады. Той деген жақсы ғой! Қазақ пен той біртуған ))) Мынау қу дүниенің бір қызығы ғой ол. Тойдан айырмасын... Ал бәсекелесіп босқа шығынға бату жөнінде айтқан ойыңмен келісемін...

+0
27 шілде 2012, 15:22

Той деген жақсы ғой, жақсы...

+0
27 шілде 2012, 15:20

Бұрындары "Той жырын" көп айтқан халық қазір той жырын көп айтып жүр. Тұрсынбек бір концертінде айтып "жарып" еді ғой. "Болашақта пәлен адамаға той жасасақ, даяршылар машинамен не тікұшақпен тамақ тасып жүрер деп" пе де?..)) Баяғыдан той десе шығыны көп халықпыз ғой... Бәрін қойшы, Рамазан айына тақағанада мұсылман болған Рамазанға Алла баянды ғұмыр нәсіп етсін. Ініңнің қунанышына кетті деп сана, Айгерим! Құтты болсын!

+0
27 шілде 2012, 15:22

Әумин, Ақерке! Айтқаның періштенің құлағына шалынсын!

+0
27 шілде 2012, 15:32

бәрін айт та, бірін айт) Айтпақшы, рахмет сарқытты жеп алдық! Бәйдібектің әңгелегінен ауыз тиіп оңтүстігімнің дәмін татып алдым.

+0
27 шілде 2012, 15:27

Тойдан келген сарқыттан дәм таттық. Рахмет, Айко! Тойдан айырмасын бізді)))

+0
27 шілде 2012, 15:27

той деген қазақтың қанына сіңген дәстүрғой. біз дүния,байлықтыда осы тойға шашу үшін жинаймызғой

+0
27 шілде 2012, 15:53

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) егер үйленсеңдер соңғы лағыңды сойсаң да той жаса деген. Той халық қазынасы. Дегенмен біздің "ежелгі әдетіміз" бойынша ысырапқа ерік беріп жатырмыз, ал ысырапшылдық - күнә!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев