Этноэстетика. Дүниені көркем игерудің ұлттық бейнелері

Этноэстетика. Дүниені көркем игерудің ұлттық бейнелері
жеке
блог

Этноэстетиканы зерттеу этика, аксиология, әлемнің онтологиялық бейнесімен (таным теориясы) қатар этностық мәдениеттің маңызды құраушысы болып табылады, оларсыз қоғам мәдениетінің іргетасын елестету этноэстетиканың өнертанулық теориялық-әдіснамалық сипатын тағы да ерекше атап өту қажет.

Этномәдениеттің эстетикалық компоненті тәрбиелік үдерісті, сонымен қатар, кез-келген ұлттың тұлғаны қалыптастырудағы құндылықтық-мағыналық мәнін анықтайды. Этноэстетикалық құндылықтарды халықтың мәдени дәстүрінің рухани формасында көрініс тапқан және мәдени-тарихи өзгешелікті анықтаушы жүйе ретінде қарастыру керек. Ата-бабамыздың рухани ерлігі – бұл келешек ұрпақ үшін өз әлеміңнің рухани шынайылығын сақтап қалу дағдысы мен дарыны. Осы бір рухани шынайылық этнос пен ұлттың әлемге деген қатынасын анықтап, өмір сүруге, бұғанаңды қатайтып ары қарай жетілуге күш-қайрат берді. Қазақ халқының этномәдени тамыры этнос руханилығының генотипін құрады.

Этномәдениеттің құраушы бөлігі ретінде этноэстетикалық мәселенің өзектілігі айқын болып отыр, себебі ол тұлғаның бойындағы көркемдік талғам, этностың эстетикалық мұраты, эстетикалық әсерленушілік, әдемілік пен үйлесімділікті көре білу, сезіну, туындату және эстетикалық тұрғыдан оны бағалай білу сияқты ерекше қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Этноэстетиканың дамуындағы негізгі үрдістер этникалық мәдениеттің тарихи-құндылықтық мазмұны бар әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи біліми- педагогикалық техно-логиялардың бірігуі болып отыр.

Этникалық мәдениеттің сезімтал табиғаты этноэстетикалық мұраты, талғамды, қажеттіліктерді және сезімді бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жеткізуші болып табылады. Эстетикалық және этникалықтың ішкі өзара тығыз байланысы ешқандай да күмән тудырмайды, себебі оның қол жеткізудегі мақсаты мен құралын сипаттап беріп отыр. Этнос идеалы-эстетикалық үлгілер ретіндегі көркем құндылықтардың жиынтығы; этностың ұлттық мәдениетінің жарқын өкілдерінің эстетикалық-педагогикалық және әлеуметтік-шығармашылық қызметі (әншілер, жыршылар, бишілер, декоративті-қолданбалы өнер шеберлері және т. б.) этноэстетикалық мәдениеттің құрылымдық-функционалдық элементі болып отыр.

Жетілген адам идеалы тұлғаны қалыптастырудың негізгі мақсаты. Мұндағы мақсат рухани-өнегелік, эстетикалық және тұлғаның өзге қасиеттерін жинақтау, аталған қасиеттерді қалыптастыру қоғамның талаптарымен шартталған. Осылайша этно-эстетикалық мәдениет идеалды (талап, ықылас, мақсат) және тәжірибелік деңгейде көрініс беретін тұлға мәдениетінің сипаты болып келеді. Осы тұрғыдан біз мәдениеттің негізгі дәстүрлі құндылықтар жүйесінің заманауи эстетикалық теориясын мұражай жәдігерлері ретінде емес, заманауи көркем тәжірибе мен мәдениеттің тірі әрі жігерлі формасы ретінде қайта жаңғырту керек деген қорытындыға келеміз. Табиғатқа, еңбекке, эстетикалық онтология мәселесіне, этноэстетикадағы дәстүр мен инновацияның ара-қатынасына деген белсенді эстетикалық қатынас таныту нәтижелі болып келеді. Бұл өзге тарихи дәуірдегі адамдардың болмысын қазіргі заман қабылдай алуы үшін көркемдік тұрғыдан бейімдеп, сол дәуірдің формасында жеткізуге мүмкіндік береді. Заманауи өнер үшін өткен құндылықтардың мұрасын игерудегі неғұрлым өзекті жол кәсіби өнерді халықтың көркем шығармашылығынан туындаған классикалық мұрамен біріктіру. Этноэстетиканың келешегі білім беру жүйесі және әр адамның эстетикалық санасын қалыптастыруды тәрбиелеуде жатыр. Сонымен бірге түпкі нәтижесі негізгі мақсатқа сай келу керек, яғни заманауи жаһандану үдерісі жағдайындағы қоғамның гуманизациясы, мультикультурализм этномәдениеттің қайта жаңғыруы аясында ғана мүмкін болып отыр. Білім беру жүйесі «әлемнің мәдени келбетін», ұлттық ерекшелікті, мәдениеттің бірегейлігі мен әр алуандылығын жоғалтып алу қатеріне тап болмас үшін, әлемдік үдерістерді жаһандық тұрғыдан көретін, сонымен қатар белгілібір мәдениеттің өкілі болып табылатын адамды қалыптастыруға бағытталған болуы керек.

Этноэстетика көркем жиынтық ретінде халықта әсемдік туралы қалыптасқан түсініктерге сай құрылады, олар қолданбалы өнерде әрқашанда ою-өрнектерде рационалды қолданылып; түрлі-түсті үлгілердің алуан түрін қамтыған аса бай; сонымен қатар аса шектен шығушылығы жоқ, жұмсақ колоритте; еркіндікте және композициялық шешімдердің жергілікті орнында; фактураның тиімділігінде және т. б. көркем және безендіруде көрініс тапқан.

Ұлттардың эстетикалық және этикалық көзқарастарының ерекшелігі олардың керемет бай және алуан түрлі ауызша шығармашылығы, атап айтар болсақ: ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тарихи шығармалар арқылы көрінеді. Халықтың идеалы тек әсемдік туралы түсініктерде ғана көрінбейді, сонымен қатар оның жанама мағынасы: ұсқынсыз, арсыз, қайғылы, күлкінішті түрлерінде де көрінеді.

Осылайша, «ұлттық көркем мәдениет көркем образдардағы негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар мен эстетикалық идеалдар жүйесімен қатар, халықта қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын көркем құндылықтарды қалыптастыру, сақтау және таратудың жолдары мен түрлерін, қазіргі таңда сақтау және дамыту үшін қажет ұлттық шығармалардың болмыстық түрлерін қамтиды», сол арқылы ол адамзаттағы ең қымбат – ұлттық даналықты, ойдың тазалығы мен рухани сұлулықты сақтайды

 

Мырас Маржан

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Жанатаев Д.Ж. ф.ғ.к., доцент