Музыка тыңдайсыз ба? Онда дереу оқыңыз...

Музыка тыңдайсыз ба? Онда дереу оқыңыз...
жеке
блог

Адам дүние есігін ашқан сәттен бастап музыкаға әуес болады. «Әлдиден» бастау алатын әуезді музыкалар адам санасына да, физиологиялық тұлғасына да әсер етеді екен. Яғни музыка тыңдау арқылы көңіліміз көтеріліп, әдемі күйге бөленуге болады. Әдемі әуен таңда сізді оятып, түнде тәтті ұйқының құшағына енуге көмектеседі. Ғалымдар музыканың адам ағзасына біз ойлағаннан да анағұрлым пайдасы бар екенін анықтады.
Әр адам өмірінің түрлі кезеңінде, көңіл-күйінің өзгерісіне қарай сүйіп тыңдайтын музыкалық композициясы бар. Түрлі стильдегі музыканы әр адам қалауына сай қабылдайды: мәселен біреулер үшін классика жанрындағы әуен жанына жақын болса, енді бір адамдар ауыр рок түріндегі аккордтарды тыңдағанды ұнатады. Мамандар музыканың тек стилі немесе ритмі мен әуезінен тыс туындының қай аспапта орындалғаны да маңызды екенін айтады. Әрбір музыкалық аспаптың әуені адам организіміндегі белгілі бір жүйеге түрлі әсер етеді екен.
Мысалы, фортепианода ойнаған туындыны тыңдау – психиканы гармонияға бөлейді, әрі бүйректің жұмысын қалпына келтіруге, несеп жолдарының жұмысын жақсартуға сондай-ақ қалқанша безді тазартуға пайдасы зор. Орган дыбысы ми жұмысына пайдалы.
Гитара, арфа, скрипка сынды ішекті аспаптар жүрек қан-тамырлары жұмысын қалыпқа келтіреді.
Үрмелі аспаптар тыныс жолдарының жұмысын жақсартып, өкпе мен бронхитті тазартады. Қан айналымына өте жақсы әсерін тигізеді.
Ал, барабан сынды аспаптың туындысы жүрек соғысын қалпына келтіріп, бауырдың жұмысын жақсартады.
Ғалымдар музыканың адамның организіміне тигізер пайдасын зерттеу барысында классикалық туындылар ғажап әсер беретінін анықтады. Әсіресе Моцарт, Вивальди, Григ, Бетховен, Шуберт, Шуман, Чайковский және Дебюсси сынды ұлы композиторлардың туындыларының әсері терең зерттелуде. Моцарттың әуендері мидың жұмысын белсенді етеді әрі ақпаратты тез меңгеруге әсерін тигізеді деп есептеледі. Бетховеннің «Фиделио», Полонез Огинскийдің «Венгерлік рапсодия» сынды туындылары бас ауруын жазады деп айтылады. Ұйқысыздықтың бірден-бір емі – Чайковский мен Григаның сондай-ақ Сибелиустың пьесалары болса, Вивальдің «Жыл мезгілдері» туындысын  тыңдау арқылы еске сақтау қабілетін жақсартуға болады. Бұған қоса классикалық музыка – ревматизмнің тамаша емі. Бірқатар эксперимент жүргізу барысында ғалымдар классикалық музыка тыңдаған науқастар ауруынан ертерек айыққанын аңғарған. Ұлттық нақыштағы әуендер адамның ағазасына өте жақсы әсер қалдырады. Этникалық музыка – денені босаңсытып, тынышталуға әсері мол. Ұлттық нақыштағы әуендер тарихтан сыр шертіп, ұлттық, дәстүрлі құндылықтарды терең сезінуге, ерекше қуат алуға әсерін тигізеді.
Музыканың наркоз ретінде де әсер етеді. Кей музыка ота үстелінде жатқан науқастың ауруын сездірмейтін күшке ие бола алады. Адамның жүйке жасушасын ұйықтата алатын әуендер қан айналым жүйесін де бірқалыпта ұстап тұратын қасиетке ие.
Тағы бір зерттеушілер белгілі бір ырғақ пен үндестік адам ағзасының иммунитетін көтеретінін айтады. Мәселен, қоңырау үні, тибет ыдыстарының даусы, т.б. Олар ағзадағы микробтарды, жағымсыз заттарды өлтіре алады.
Ал сізге қандай музыка түрі ұнайды? Егерде әлі қандай музыка ұнайтынын білмей жүрсеңіз, музыканың әр жанрынан тыңдауға кеңес береміз. Тыңдап отырғанда өзіңіздің эмоциялық күйіңізге мән беруді ұмытпаңыз.