Нурикамал әнінің шығу тарихы

Нурикамал әнінің шығу тарихы
жеке
блог

Қазақ әні әсем әрі жүрек тебірентер терең туындыларымен бай екенін бәріміз білеміз. Осындай әндердің қатарында баршамызға белгілі нәзік әуезді Нурикамал әнінің шығу тарихын білеміз бе? Олай болса бұндай ғажап еңбектің жазылып, шарқалуына кім себеп болған? «Нурикамал» әнін естігенде толқымайтын қазақ жоқ шығар, осындай әсем ән кімге арналған және қашан туды десек, оның тарихы тереңде екенін көзі қарақты жұртшылық хабардар деп ойлаймын. Дегенмен, ән кейіпкерінен естіген жайтты баяндай кетсем.
Қасиетті Торғайдың текті қызы Нурикамал Жаңадала, Жарқайың деген Торғайдың Ақмола облысына өткен жерінде туған екен.
Замандастарымен қатар өмірдің барлық ыстық-суығын көрген, кезінде келімсектер қаптаған заманда тырысып-тырмысып жүріп, көштен қалмай жүретін жан екен. Арман қуып жоғары оқу орнын бітіреді, сол бала күнгі армандарының орындалғанына өзі де куә.
Кәсіби маман ретінде өзін жақсы қырынан көрсеткен ол кеңес шаруашылығындағы қарапайым жұмысшыдан бастап, мемлекеттік қызметшінің барлық сатыларынан өтеді. Сонымен не керек қызмет майданында жүріп қызығымен шыжығынан шетте қалмай әріптестерімен бірге көруді жөн көретін апайымыз солай мерекелік кештердің бірінен бастау алғанын айтып берді.Оңтүстік Қазақстан облысында өтіп жатқан сондай жақсы күндердің бірінде жергілікті азаматтар Қозықұйрық мерекесін ұйымдастрып, табиғат аясына шығады.
Небір әзілдер айтылып, өлеңдер оқылады, күй тартылып, ән шырқалады. Нурикамал отырыстың сәні болады. Шашы екі иығына түскен, қас біткеннің сұлуына талай жігіттер тамсана қарайды.
Нурикамалға бір жігіт қарсы отырып қалады. Бұл Тұрдықылыш Ізтаев ағамыз болатын, кеш біткенше одан көзін алмаған Тұрджықылыш ағамыз үйге келген соң әрі-сәрі күйге түседі.Пианиноға келіп, ішінен бір әнді ыңылдатып, таңды таңға атырады.
Бұны бағанағы табиғат аясындағы мерекеде бірге болған Тұрдықылыш Ізтаевтың жары Ханбибі де естиді, күйеуінің әсемдікке, әдемілікке ғашық болғанын сезеді, тыйым салмай, керісінше махаббат әнінің пайда болуына өз үлесін қосады.
Таңғы бестер шамасында әлі пианино алдында отырған сазгер ағамызға ақын апамыз келіп, бағанадан айта алмай отырған әннің өлеңін шығарып әкеп береді. Осылайша, өлең жолдарында «Нұрикамал, Камалым-ай, Күндей ашық жанарың-ай, Қолым жетпей, сөзім де өтпей, Жаутаңдадым қабағыңа-ай, қарағым-ай» деген атақты жолдары бар, қазақ әнінің ішіндегі мықты әннің бірі – Нурикамал дүниеге келеді.
Ендігі мәселе оны Нурикамалға айту және оған лайықты әншіні табу. Сонымен, кейін бұл әнді Кенжеғали Мыржықпай ағамыз айтып жүрді, одан соң Жұбаныш Жексенұлы бұл әннің сәнін тіпті аша түсті.