Ахметтің ұлтжандылығы
жеке
блог

Ахметтің ұлтжандылығы

Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек.

                                                                                           Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының біртуар ақыныні бірі болған.Ол XX ғасырдың басында «Алаш» партиясы мен «Алашорда» ұлттық кеңесінің, «Алашорда» үкіметінің негізін қалаған болатын.Ахмет Байтұрсынұлы қиын қыстау заманында,ұлт мүддесін,серіктестерін  сатпай,адамгершілік шекарасынан аттамағанын байқауымызға болады.Ахмет Байтұрсыновтың іштегі ұлт жандылығын оятқан кезеңдердің бірі,патша әкімшілігінің әкесі мен туысқандарына көрсеткен озбырлықтары себеп болатын.Сол кезде әкесінен жастай айырылыған Ахмет:

Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам.

Алданып жегеніме оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам, –

деген алғашқы өлеңін шығарған болатын.Уақыт өте келе Ахмет өте зерек,тұлға болып қалыптасты.Ол бала кезінен елі мен жері үшін деп өскен бала болатын.Уақыт өте келе,патша өкіметінің айлакер істеріне көз жұма қарай алмай,халқын ояту мақсатында,білімге деген құштарлығын арттыру мақсатында,масадай ызыңдап,қазаққа қазақты сүюді үйрету мақсатында «Маса»өлеңі жарық көрген болатын. Бұл өлең патша өкіметін сынау,ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Маса өлеңінің негізгі мақсаты-халықты оқуға,білімге,адамгершілік пен мәдениетті уағыздау,еңбек етуге үндеу,рухани көтеріліге шақыру болатын.Ахмет қоғамда болып жатқан оқиғаларды өзінің шығармашылығында мысал ретінде алып,өзінің ойын жеткізіп отырған.Ахмет Байтұрсынов айналаға қарап көңілі толмай,қоғам қалпына назданып,сын көзбен қараған болатын. Ахметтің «Досыма хат», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» өлеңдерінің мазмұны да сол болатын.Басқа да ақындардың қазақ қалпының жағдайын сипаттап жазғаны еш өзгеріссіз қалғаны ақынды қынжылтқан. Ахмет сол қоғамның келеңсіз көріністеріне салқын қарай алмай,жан ауыртып,жүрек сыздатар «қасірет сөзін» айтып хатқа жазған болатын. Ахметтің «Досыма хат», «Қазақ қалпы» өлеңдерінде қазақ елінің жағдайы «Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, теңізде жүрміз қалқып көшпесі жоқ», «Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз, алалық алты бақан дертпен кірдік»,-  «Ақшаға абыройын, арын сатып, азған жұрт, адамшылық қалмай сыны», «Жаны мал, жақыны мал, малдың құлы» деген жолдармен көрсеткен болатын.Ахмет Байтұрсыновты халыққа деген әлеуметтік теңсіздіктің белең алғаны,таптық шиеленіс-қақтығыстарға ұшырауы,халқына аяушылық білдіріп,олардың ауыр халіне көңіл бөліп адамдық қасиетті қорғауды қалаған болатын. Бұл оның демократтық, гуманистік көзқарастарға бейімдігін аңғартады. «Адамдық диқаншысы» деген өлеңінде ол өмір бойы бейнетке, қорлыққа үндемей шыдап, жасып, жаншылып кеткен адамдарды көріп, жаны ашиды, олар сергектеу болса, адамдыққа ұмтылса, үндемей жүре бермесе, алдағандарға алданбаса, таяққа еті үйреніп жүнжіп кетпес еді деп ойлайды, олардың намысына тиерлік ащы сөздер айтады.

Қорыта айтқанда,біз Ахметтің ұлт жанашырлығын мысал ретінде ала отырып жазған әдеби өлеңдерінен білдік.Ол мысал жанрларына сүйеніп маңызды ойларды айта білді,сонымен бірге оны халыққа астарлап жеткізіп жазып отырған.Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерінің астары шындықты айтады,ол- білімге жігерлікке ұмытылған ел қорғаны болып келеді.

Ұлт ұстазының елеулі еңбегімен, өмірлік жолымен біз осы жылғы өндірістік тәжірибеде таныстық. Мектеп шақтан бері Ахмет Байтұрсынов өмірі және шығармашылығы бізге етене таныс болса да, бұл жолғы танысу ерек болды. Себебі, біз білмеген, білім қазынамыздан қалтарыс жатқан да мәліметтермен танысудың, көз шарамыз бен көкірегіміздегі ақпарат көзін ұлғайту мүмкіндігі дәл осы тәжірибе барысында түскен болатын. Өндірістік тәжірибе бойынша бізге жетекшілік еткен ұстаздар: Р.С.Имаханбет

Гымынбек Ғайни, ҚазҰУ, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенті