жеке
блог

Тергеу изоляторында 22-наурыз мейрамы тойланды.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесіндегі шаруашылық жұмыстары үшін қалдырылған және оқшауланған аймақтағы жазасын өтеуші сотталағандар арасында  Қазақстан  Республикасының мемлекеттік мейрамы Ұлыстың Ұлы күні 22-наурыз мерекесіне орай мәдени және спорттық іс-шаралар өткізілді.  Мерекелік іс-шара 2021 жылы наурыздың 21 жұлдызында Маңғыстау облысының Дін істер басқармасы «Отпан» ақпараттық түсіндіру және оңалту орталғының ұйымдастырумен «Білімдіге дүние жарық» атты интеллектуалдық сайысынан бастау алды.

Іс-шараның ашылуы ГМ-172/10 мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Сузақбаев Есбулат Аглепесовичтың құттықтау сөзімен басталды. Іс-шарада жазасын өтеушілер 3-топқа бөлініп сұрақ жауап бойынша сайысты. Сайыс соңында жеңген топтарды дипломмен және сыйлықтармен «Отпан ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының  қызметкерлері марапаттады.

Келесі күні 2021 жылы наурыздың 22-ші жұлдызында «Қош елдің Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Шаруашылық жасақтың жазасын өтеушілер Н.Садабаев пен Е.Абдурахмонов мерекелік іс-шараны жүргізді.

Іс-шараның ашылуын жазасын өтеуші Н.Жақайұлы «Туған жер» атты патриоттық ән шашуымен басталды. Наурыз мерекесінің шығу тарихы бойынша түсіндіру ақпараттық бейнеролигі көрсетілді. Іс-шара кезінде шаруашылық және оқшауланған аймақтағы жазасын өтеушілер А.Тұрлыбаев, Е.Еламанов, Қ.Ұзақұлы, Қ.Сартов өздерінің наурыз мерекесі туралы өлең шумақтарын айтса, іс-шарада видео-проектор арқылы экранда викториналық сұрақтар қойылды. Жазасын өтеуші Н.Жақайұлы, Л.Вильданов, А.Абдимуратов «Двигатьсяя» , «Бір дана гүл», «Ауылымды сағындым», «Көктем» атты әндерін шырқады.

Іс-шараның соңында шаруашылық жасағында жазасын өтеуші Б.Донбаев ақ батасымен бата беріп, шашу шашылды. 2021 жылдың 23 наурыз күні спорттық іс-шара өткізілді. Спорттық іс-шараға  МО «Дін істер басқармасы Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» КММ теолог маманы Ерзат Төлеш және Маңғыстау облысы бойынша АНОО «Ақниет орталығының» теолог маманы Асланбек Тыныштыковты төрелік ету үшін шақыртылды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранымен басталды.

Жазасын өтеушілер, яғни «ЖасАлаш», «Адай серілері», «Каспий», «Досан батыр»  атты  4 топқа бөлініп жарысты.

Жарыс эстафета, арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күрес, скакалкамен секіру бойынша ойындар ұйымдастырылды. Жарыста жүлделі орын алған командаларды кубокпен, медальмен, грамотамен марапатталды.

 Іс-шара соңында мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Е.Сузакбаев жазасын өтеушілерді 22 Наурыз мерекесімен құттықтап, іс-шараға белсене қатысқандары үшін алғыс айтып, естелік суретке түсті.

ГМ-172/10 мекемесі

әділет майоры Г.Вебер



Жұлдызды блогтар