Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лондон 1908,1948,2012...

Лондон 1908,1948,2012...

Лондон 1908,1948,2012...

Қазір бүкіл елдің назары Лондонда. Жазғы олимпиада ағылшын жерінде осымен үшінші рет өткелі отыр. Бұған дейін 1908 және 1948 жылы әлем спортшылары осында жиналған болатын.   27 шілде мен 12 тамыз аралығында болатын дүбірлі дода үш нысанда өткізіледі.  Олимпиадалық стадионда – ойынның салтанатты түрде ашылуы мен жабылуы және жеңіл атлетикадан жарыстар өткізілсе, басқа спорт түрлері Сулы аймақта және Уэмбли стадионында болады. Ашылу  салтанатын   3 милиардқа жуық адам тамашаламақ.  Тұманды Альбиондағы Олимпиадада елімізден 25 спорт  түрінен 116 спортшы бақ сынамақ. 3 алтын, 3 күміс 5 қола медал иелену басты жоспарда. Енді мараматқа келсек, әр медальдің салмағы - 375-400 грамм аралығында. Диаметрі — 85 мм.    Медальға грек құдайы Ника,   келесі бетінде  ағылшын қаласының жаңа архетектуралық көрінісі бейнеленген. Олимпиада ауылында өмір қызып тұр.  Ауылға 17 мың адам сыйады. Спортшылардың тұрып жатқан үйлерінде өз елдерінің тулары ілулі тұр. Қазақ елінің көк байрағы да алыстан көз тартады. Айта кетер жайт, Олимпиада ауылына бару үшін үш шеңберлі күзетшілерден өту керек. Мұнда әйгілі «Боббилер» тәртіпті қадағалауда. Лондонда күн ыстық. Ауа температурасы 30 градусты көрсетіп тұр. Олимпиаданы тамашалауға келген туристер санында шек жоқ. Қазір Темзаның бойымен серуендеу үлкен сұранысқа ие болып отыр.   Лондонның барлық жерлерінде олимпиадалық символдар бейнеленген.  Қала қауіпсіздігін көбіне лондон аспанында шарықтаған тік ұшақтар 24 сағат бойы қадағалауда. Біздің елдің спортшыларының денсаулығы өте тамаша. Ол туралы боксшылардың дәрігері Ирек Сатов Лондоннан арнайы хабарлады. Айта кетер жайт Ел намысы сынға түсетін додада бірінші орын алған спортшыға мемлекетіміз 250 мың доллар, 2-орынға 150,  3-орынға  - 75, 4-орынға 10, ал бесінші орынға 5 мың ақш доллары  берілетін болады.  Лондон олимпиадасында көк туды желбіретіп, әнұранымызды шырқатар спортшылар көп болғай.

1498 7
Рейтинг: +0

Автор: Berik Sultan
Жазылған уақыты: 26 шілде 2012, 19:03
Тегтер: лондон 2012, 250 мың доллар, Тұманды альбион
Пікірлер
+0
26 шілде 2012, 19:12

27 не 28 қараған түні Астана уақыты бойынша сағат 2-00 де Лондон Олимпиадасының салтанатты түрде ашылуы болады. Сәресі ішіп отырып тамашалайтын боламыз оғландардың шеруін.... Ниет қабыл болсын...)))

+0
27 шілде 2012, 12:21

Түсінгенім, сіз Лондондасыз ба? Бәрін өз көзіңізбен көргендей етіп жазыпсыз)))

+0
27 шілде 2012, 13:32

Амин! Дұғаларымызға спортшыларды қосайық)

+0
26 шілде 2012, 19:16

жағдайлары жақсы болса, болар ) мен де мына жақта өзіммен өзім бүлініп, қобалжып отырмын, ма*ма, 1 күн қалды :roll:

+0
26 шілде 2012, 19:28

Алматы мен Олимпиада ауылының ауа райы бірдей екен... ;)

+0
26 шілде 2012, 23:52

Ура, Олимпиада!!!

+0
27 шілде 2012, 02:24

Амин!!! Алла біздің спортшылардың мерейін үстем етсін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев