Мейіргүл Оңғарова Ұшқынды білесің бе???

Мейіргүл Оңғарова Ұшқынды білесің бе???
жеке
блог

Мейіргүл Оңғарова Ұшқын қыз  — есімі тура қойылған мейірімді, адал және инабатты жан. Батыстың қызы, сонау Оралдан ат басын Оңтүстік астанаға бұрыпты. Сондағысы биолог болу екен(биолог болудан не пайда деп қоям да), бірақ филологқа түсіп кетіпті-міс. Алматыдағы атақты ҚазГУдың биылғы түлегі. Қазір осы қалаға үйреніп кеткені соншалық, басқа жаққа кетсем, Алматының түтінін сағынатын болып жүрмін дейді))))!

Мұқағалидің тілімен айтқанда:

Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,

Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!

Әсем басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана,

Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.

Шатып-пұтып көп сөйлемейтін, ойын жеткізуде мүдірмей, кеңес айта алатын, студент кезінде оқуы мен жұмысын қатар алып жүрген - өжет қыз. Қазір Massaget.kz порталының редакторы. Қыздардың Хиджап киюіне түбегейлі қарсы, ваннада жатқанда өлім жайлы көп ойлайтын жаман қасиеттерін санамағанда, ақылы көркіне сай қара торы қыз. Әдемі жымиысы тас жүректі жібітердей. Вопшім сөз жоқ керемет қыз!!!