Оңтүстік Кореядағы тәуелсіздік қозғалыс күні

Оңтүстік Кореядағы тәуелсіздік қозғалыс күні
жеке
блог

Әрбір ұлттың тарихында тәуелсіздік үшін күрескен тұлғалар жетерлік. Біздің елде де, тәуелсіздік жолында өз ғұмырын сарп еткен тұлғалар өте көп. Ол жандар өз аттарын тарихқа алтын әріптермен жазып кеткен.  Ал қазір мен сізге кәріс ұлтының бостандығы үшін өз өмірін қиған, жас қызы Ю Гван Сун жайлы айтып бермекшімін. 

Ю Гван Сун 1902 жылы 17 қарашада Чунчон-Намдо провинциясының Чонана қаласының Эндури ауылында дүниеге келген. Оның мінезінің қалыптасуына әкесі үлкен әсер етті. Әкесі адамгершілігі жоғары, сенімі бар адам еді. Ол халықтың жалпы білімін белсенді түрде қолдады. Қыз Құдайға деген терең сенім мен өз ұлтына деген мақтаныш сезімімен өсті. 1918 жылы ол жоғары сатыдағы мектептің бірінші сыныбына қабылданып, үздік оқушы ретінде шәкіртақы тағайындалды.

Гван Сун Кореяда әйелдерге арналған алғашқы жеке білім беру мекемесі болған Ихва мектебінде оқыды. 

Ю Гван Сун сыныптастарымен бірге Первомарт қозғалысына белсенді қатысып, отанына оралғаннан кейін Жапонияға қарсы ұйымдастырылып жүрген ереуілдерді басқарды. 1 сәуірде Чунчон-Намдо провинциясының Чонан-гун уезіндегі Ауне базарында жаппай шеру өтеді, онда Ю Гван Сун елдің тәуелсіздігі үшін күреске көтерілуге шақырады. Шеруді басу барысында Жапон полициясы атыс қаруын қолданады. Соның салдарынан Ю Гван Сунның ата-анасын қосқанда 19 адам қайтыс болады. Кейіпкердің өзі тұтқындалып, үш жылға сотталады, содан кейін бес жылға бас бостандығынан айырылады, оны өтеу үшін оны Сеул Содэмун түрмесіне жіберіледі.  

Бірақ сол жерде де ол тұтқындарды күреске шақырды. Түрмеде ол таңертең және кешке дейін "대한 독립! 만세! (Корея ұзақ өмір сүрсін! Алақай!) " деумен болды. Түрмеде азапталғанына қарамастан, ол 1920 жылы 1 наурызда түрмеде тәуелсіздік үшін шеру өткізді. Осының салдарынан ол бірнеше рет азапталды.

Қатыгез азаптаудың салдарынан Ю Гван Сун 1920 жылы 28 қыркүйекте 17 жасында қайтыс болды.