Тергеу изоляторында 8-наурыз мерекесі тойланды

Тергеу изоляторында 8-наурыз мерекесі тойланды
жеке
блог

8 – Наурыз Халқаралық әйелдер күні мерекесі аталып өтті.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік мейрамы 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі аталып өтті.
Мекеменің кадр саясаты бөлімшесінің ұйымдастырылуымен өткізіліп отырған мерекелік іс-шараны ГМ-172/10 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Есболат Есиркепович Джигитовтің құттықтау сөзімен басталып.
Жеке құрамның ер азаматтары тарапынан ұйымдастырылған бір-қатар сыйлықтарды Есболат Есиркепович салтанатты түрде табыс етті.
Әрі қарай мекеменің шаруашылық жасағында жазасын өтеуші Н.Жақайұлы, Л.Вильданов, нәзік жандарға арналған «Ана», «Қылықты қыз», «Сүйемінғо», «Өз жүрегіңнен ұялмайсыңба», атты ән- орындаса А.Абдимуратов Қарақалпақ елінің «Бір дана гүл» әнімен жалғасты.
Сонымен қатар мерекелік іс-шарада арнайы есеп бөлімінің есеп бойынша технигі әділет аға сержанты Ерасыл Қалмырза «Ана» атты ән шашуын гитарады орындап нәзік жандылардың көңілінен шықты.
Іс-шара соңында ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Аглепесович Сузақбаев барша нәзік жандыларға ізгі-тілегін білдіріп жұмыстарында табыс, отбасыларына амандық, елімізге тынықтық, ашық аспан тілеп осындай мерекелік іс-шаралар алдағы уақыттада жалғасын табатынын айтты.