Modern Education & Research Institute академиялық мансап туралы

Modern Education & Research Institute академиялық мансап туралы
жеке
блог

2021 жылдың 04 наурызында Инклюзивті білім беруді дамыту орталығының қызметкерлері «Академиялық мансап библиометриялық индикаторларға тәуелді болуы керек пе?» тақырыбындағы вебинарға қатысты.

Вебинарды Modern Education & Research Institute зерттеу институты (Бельгия) ұйымдастырды. Ашық дәрістің спикері Modern Education & Research Institute директоры Екатерина Царанок және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушысы, п.ғ.к. Айсұлу Тасимова болды.

Вебинарда жоғары оқу орындарындағы академиялық еркіндік, институционалдық автономия, жеткілікті және тұрақты қаржыландыру, қолдау және серіктестік секілді мәселелер қарастырылды. Сонымен қатар келесідей сұрақтар бойынша пікірлер айтылды:

Автономияның даму жағдайларында университеттер өздерінің оқыту, зерттеу жүргізу, мәдени құндылықтарды сақтау секілді маңызды қызметтерін қалай орындауы тиіс?

Сыртқы қаржыландыру көздеріне тәуелділік артып жатқан уақытта академиялық сауаттылықты қалай сақтап қалуға болады?

Болашақтағы университеттерде көшбасшылықтың рөлі қандай болмақ?

Университеттерге мультидисциплинарлық қажет пе?

Академиялық мансап библиометриялық индикаторларға тәуелді болуы керек пе?

Өмірлік таңдау тұрғысынан оқытушы мамандығын тартымды етудің жолдары қандай?

Modern Education & Research Institute осныдай өзекті мәселелерді зерттеп, зерделеп көтеріп келеді.