ГМ-172/10 мекемесінде Алғыс айту күні іс-шарасы өткізілді

ГМ-172/10 мекемесінде Алғыс айту күні іс-шарасы өткізілді

2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Тұңғыш  Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.

Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесіндегі Алғыс айту күні іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Халық Ассамблеясы жастар ұйымының мүшесі Талайбекқызы Жазира келіп ГМ-172/10 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Есбулат Аглепесович Сузақбаевқа «Әбіш Кекілбаев Энциклопедиясының бірінші том ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ» атты кітабын сыйға тарты.

Есбулат Аглепесович Талайбекқызы Жазираға алдағы уақытта халқымыз үшін бірге аянбай қызмет жасауға шақырып өзінің алғысын білдіріп сыйға тартқан кітабын мекеменің кітапхана қорына қосатыны туралы айтты.

Себебі ГМ-172/10 мекемесінде қамауда отырған сезіктілермен айыпталушылар және жазасын өтеуші сотталғандар мекеме кітапханасынан үнемі кітаптар алып оқып тұратынын алға тартты.



Бөлісу: