Ой...

Ой...
жеке
блог

   

   Уақыттың тапшылығынан ойымның бәрі шашырап, не жазарымды білмей... Сондықтан, дәл қазіргі уақытта ойыма не келсе, соны жазып отырмын. Айтпақшы, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! 

...Шаршадым. Күннің ыстығынан да емес. Әйтеуір жұмыстан шығып кеткелі бір тыным болмады ғой. Жұмыссыз аштан өлмейтінім анық. Қиналып та жүргенім жоқ. Бау-бақша, мал, қолөнер, тағы не еді? Не үшін, кім үшін жанталасып, асығып жүргенімді өзге түгілі өзім де түсінбеймін... 

...Бағана бейтаныс біреу телефоныңды берші дейді. Жоқ десем, сенбейді. Ұялы телефон деген менде жоқ, болған да емес! Телефон демекші, сағындым. Қашан қоңырау соғады екен? Қызық, осы мен сияқты сағыныштан жылайтындар бар ма екен?..

...Күннен-күнге қатігез боп барам ба, қалай? Әй, бірақ өзінен де бар ғой. Мені қорқытып несі бар? Күш қолданудың да не қажеті бар еді? Бопсалауы да артық  болды. Отпен ойнама деп. Айтуға ауыз бармайтын бірдеңелерді айтып... Бір әйелдің бойында, қырық түлкінің қулығы бар деуші еді, әжем. Мен оның айтқанын орындайтындай... Енді не ойлап табар екен? Бұл бірінші рет емес. Осы маған бір "жабысқан" адамның "жабысып" қалатыны несі? Жыным ұстайды. Жаңағыдай әрекеттерге барудың не керегі бар? Айтарға сөзім жоқ. Есіме түссе, жаным түршігеді. Болды. Бітті. Ойласам, ойлап отыра беретін сияқтымын ғой...