Не ғой...

Не ғой...
жеке
блог

Неге сонша жалғыздыққа жаным құмар болды екен?.. Жалғыз қалғым келеді де тұрады. Әрине, жаныңда жақының не құрбың болып, көңіліңді аулап отырса, жақсы ғой... Жатақханада тұрып жүргенде жалғыз қалғым келсе, шығып кете саласың ғой. 11-ге шейін келсең болды әйтеуір. Жалғыз жүрсем, көп ойланам. Өзіммен-өзім сырласып, өзімді-өзім жұбатам. Өзімді-өзім түтіп жеймін де, өзімді-өзім сабырға шақырам. Өзімді ғана тыңдайтын өзімшілдігімнен емес шығар мұным. Өзімді де тыңдап жарытып жүргенім шамалы. Қазір туыстарымның үйінде тұрып жатырмын. Жұмыс пен үйдің арасы кейде бір жарым, кейде екі сағатқа дейін созылып кетеді. Маршрутта отырып қалың ойға шомамын. Енді қайтем? Жалғыз қалғым кеп Хамит атаның жағалауын жағалап кете алмаймын. Өкінішті... Туыстарым кейде "Біз қазір келеміз, қорқып қалма" - деп тастап кетеді үйге жалғыз. Расын айтайыншы, кешігіп келсе екен деп тілмеймін) Жооқ, кеп қалады тез-ақ) Нем бар ей? Өз үйлерінен өздерін қуам ба? Жалғыз қалсам, жаным жай тауып қалады. Бірақ өмірде жалғыз қалдыра көрмесін Алла...

Ооо, Весновканы сағынып жүр ем... Қазір ғана достарым қоңырау соғып, шақырып жатыр. Мен кеттім. Жалғыздық туралы ойларым қайда қалды сонда?))