Суицидтің алдын-алу

Суицидтің алдын-алу
жеке
блог

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде (Ақтау қаласының тергеу изоляторында) семинар-жиналыс өткізілді. Бұл жиын оқшауланған аймақта жазасын өтеушілерге психологиялық тұрғыда демеу беруге бағытталады. Семинар-жиналысқа ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Есболат Аглепесович Сузакбаев төрағалық етті. Сонымен қоса Ақтау қаласы әкімдігі «Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының» теолог маманы Жәнібек Рызағалиұлы Құрбанов пен «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының теолог маманы Тыныштықов Асланбек Сағынайұлы шақыртылды. ГМ-172/10 мекемесінің арнайы контингенттер арасында әлеуметтік психологоиялық тәрбие жұмысы бөлімінің инспектор психологы, әділет аға-лейтенанты Токжан Жиембаева қатысушылардың психологиясына оң әсер ететін видео дайындап көрсетті.

Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының» теолог маманы Жәнібек Рызағалиұлы Құрбанов сотталғандарға суицид тақырыбын тереңірек түсіндірді. «Суицид» латын тілінен аударғанда «өзін өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы бұзылу формасы шегіне жеткенде болады. Ж.Құрбанов біздің елімізде бұл мәселе өршіп тұрғанын тілге тиек етті. Мәселен суицид бойынша еліміз әлемде 9-орында тұрғанын айтып, мұндай жағдайдың алдын алу үшін барынша сабырлы болуға шақырды.

 

«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының теолог маманы Тыныштықов Асланбек Сағынайұлы сотталғандарға жігер беретін құран аяттарын, хадистерді айтып, қанатты (мотивация) сөздерімен жиынға қатысушыларға қолдау білдірді. Суицидті болдырмау барша мұсылманға міндет және бұл шариғат тұрғысында өте үлкен күнә екенін түсіндірді. Сөз соңында ГМ-172/10 мекемесі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Есболат Аглепесович Сузакбаев семинарға қатысқандарға алғыс айтып, осындай  іс-шаралар алдағы уақытта жазасын өтеуші сотталғандарға тұрақты түрде өткізілетінін айтты.<top>