Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ өкпесі» мақаласының айшықты мәні!

Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ өкпесі» мақаласының айшықты мәні!
жеке
блог

Менің ойымша, “Қазақ өкпесі” мақаласының мәні, сол бір атам заманнан келе жатқан қазағымыздың алтындай  қазынасының бірі, жер  мәселесі  еді. Сол  жылдардағы әкімшіл  сайлау  жүйесінің  орнығуы және патша үкіметінің  саясатынан  қарапайым қара халықтың оңбай зардап шегуі. Патша үкіметінің  қазағымыздың  жерін  мұжықтарға сатуы, Ахмет Байтұрсынұлының өкпесінің қара қазандай екені мақалада айқын және ашық түрде жазылып тұр. Мақаладағы тағы бір өзекті мәселесі, зұлмат  ашаршылыққа  ұшырап, жағдайдың  тіптен  төмендеуі.  Қазақ  халқының  сауатсыздығын  жою үшін атқарылып жатқан, іс-шаралардың зардабы мәлім.

 Халық ішінде болған сол кездегі қиыншылықтан шығудың жолы, халықтың өз бойындағы надандықты, жалқаулық қасиеттерімен күресіп, алдына мақсат қоя біліп, алтын қазынамыз жерімізді қайтарып және де сол жерді ақылмен пайдаланып, ел ішіндегі белсеңсіздікті жою еді. Ал осы мәселенің басты шешімі:ғылым, білім, өнерге де ізденіс еді. Бірақ, өкінішке орай сол кездері Ахмет Байтұрсынұлының бұл ойы елеусіз қалып еді. Дегенмен де, мақаланың халық назарын өзіне  аудартып, халықтың көзі ашылып, басқа көз – қарастар пайда болуына себепкер болды десем артық етпес.

 Ахмет Байтұрсынұлы өмірінің жартысын оқу, білім, ғылымға ағартушылыққа арнаған жандардың бірі. Мақалада халықтың не өнерге, оқуға, білімге, ғылымға құштарлығының жоқ екенін айқын көрсеткен. Ахмет Байтұрсынұлының мақаланы халыққа қарсы пікірін, өкпе-назын білдіргені, халыққа түбегейлі қарсы деген түсінік емес. Керісінше, халықты жақсы жаққа итермелеп отырғаны,«көзіңді аш,қазақ халқы» деген жан айқайы мақалада беріліп тұр.

 Сөзімнің соңында, қазіргі таңда жастарымыздың сауатты, білімді көкірегі ояу екендігі және де осындай тәуелсіз мемлекетке айналғанымыз Ахмет Байтұрсынұлы секілді ірі тұлғалардың, төккен тері, жемісі деп есептеймін. Болашақта ірі тұлғалардың аттарына кір келтірмей, ол кісілердің халыққа яғни бізге тиген жақсылығын жадымызда сақтауымыз тиіс!