Бүгін Алматыдағы сейсмо-жаттығуға бәрің қатысыңдар! Бөлмеде қалып қоймаңдар!!!

Бүгін Алматыдағы сейсмо-жаттығуға бәрің қатысыңдар! Бөлмеде қалып қоймаңдар!!!
жеке
блог

Алматыда қазір сағ 10.00-де сейсможаттығу өтеді. Ауқымды шара бүгін 25-шілдеге жоспарланып отыр. Соңғы екі жылда жұртшылықтың зәресін алған жер асты дүмпулерінен соң төтенше жағдай департаментінің мамандары зілзалаға қарсы дайындық жұмыстарын қолға алды.

Қорықпаңыздар!!! Мамандар бұл жаттығу жұмыстары алдағы уақытта күшті жер сілкінісінің болатындығын көрсетпейтіндігін алға тартуда. Басты мақсат зілзала бола қалса, халыққа абыр-сабыр күйге түспей, не істеу керектігін ұғындыру. Сонымен қатар құтқару қызметінің апат жағдайындағы әрекеттерін пысықтап алу көзделген. Ал жаттығу жұмыстарына құтқару қызметінің барлық техникасы мен жеке құрамы толығымен жұмылдырылмақ. Сондай-ақ өрт сөндірушілер, жедел жәрдем қызметкерлері мен тәртіп сақшылары да жаттығуға қатысатын болады. Тұрғындарға белгі беру үшін қала бойынша 259 нысанда дабыл қағылады деп жоспарланған. Ал қаланың шеткі аймақтарына дыбыс күшейткіш көмегімен хабар берілмек. Құтқарушылар Алматы тұрғындарын осындай алдын-алу жұмыстарын шет қалмай белсенді қатысуларын сұрайды. Бұл жаттығу бүгін сағ 10,00 басталады, кеңседе қалып қоймай барлықтарыңыз шыққандарыңыз жөн. Былтыр мен шықпай кеңседе отырған болатынмын, енді осы жолы шығамын деген ниеттемін. Ал барлықтарыңызға сәттілік.