Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / "Мезгілсіз сезім" телехикаясының 2- маусымы!

"Мезгілсіз сезім" телехикаясының 2- маусымы!

Бихтер мен Бехлюл сынды жастардың тыйым салынған махаббаттарына арналған хикая соңғы жылдары түрік кинематографистерінің үздік шығармасы ретінде танылды!

Екінші маусымда тыйым салынған махаббаттың құштарлық пен құмарлық қызуына бой алдырған Бихтер мен Бехлюл тым ашық кетеді...

Бірге өмір сүрген екі жылдан соң бұл неке Бихтерді жалықтыра бастайды. Күйеуі Аднан екеуінің жас айырмашылығы тым үлкен екенін ол толық мойындайды, сондықтан оған деген сезімін махаббат деуге келмейді. Міне осы кезде күйеуінің інісі Бехлюл мен екеуінің арасында ұшқын жүгіріп өтіп, тыйым салынған махаббат басталады... Аднанның қызы, 18 жасар Нихалдың анасын алмастырған үй күтушісінің кетуі, оның Бихтерге деген жеккөрушілігін ушықтыра түседі.

Бихтердің анасы Фирдевс Бихтер мен Бехлюлдің арасындағы құмарлықты байқап қояды. Осыған алаңдаған ол қызының отбасын сақтап қалу үшін Нихалды Бехлюлге ынтықтырып, екеуін бір-біріне жақындастырмақ болады. Жастар алғашқыда бұл жағдайды қалжың ретінде қабылдағанымен, уақыт өте келе ол шындыққа ұласады. Олар бір-бірін ұнатып қалады. Бихтер қызғаныш пен долылыққа бой алдырып, Бехлюль екеуінің арасындағы жағдайдың бәрін жайып салған соң Нихал мен Аднан ауыр соққы алып, есеңгіреп қалады...

Махаббаттың машақаты шырғалаңға салған осы бір оқиға немен аяқталады, оны Сіздер теледидарларыңызды «31 арнаға» бағыштау арқылы ғана біле аласыздар!

2955 26
Рейтинг: +0

Автор: 31 арна
Жазылған уақыты: 24 шілде 2012, 09:36
Тегтер: 31 канал, Запретная любовь, Берен Саат, Кыванч Татлытуг
Пікірлер
+0
24 шілде 2012, 10:58

Берен Саат басты рөлде ойнайтын "Фатмагүлді" көремін анда-санда ;)

+0
24 шілде 2012, 11:12

"Фатмагүл" аяқталып қалды....Енді Берен Саатты Бихтер рөлінен көріңіз ;)

+0
24 шілде 2012, 11:14

Түріктің сериалдары қашан тоқтайды екен 31 Арна?

+0
24 шілде 2012, 12:29

Жомарт, түріктің сериалдары жақын арада бітпейді))

+0
24 шілде 2012, 12:30

Соны бірдеңе қып бітіріңіздерші, Құдайым-ау

+0
24 шілде 2012, 12:32

Жалғыз біздің арна емес, Қазақстанның басқа да танымал арналары қазір түрік сериалдарымен рейтингтерін көтеруде. Және де түрік сериалдары көрермен көңіліне майдай жағады..

+0
24 шілде 2012, 12:34

уууффф, майдай жағады екен деп түрік болып кетпесек жарар еді, тәрбиесін айтсаңшы бәрінен бұрын. Негізінен сіздердің де кіналарыңыз жоқ қой, қазақша сериалдың аздығы ғой. Түсінуге болады сізді 31 Арна!

+0
24 шілде 2012, 14:12

Жомарт, түсінгенің үшін көп рахмет!

+0
24 шілде 2012, 12:25

Фатмагүл қашан біеді өзі? Созылып кетті ғой

+0
24 шілде 2012, 12:30

Арай, "Фатмагүлдің" соңғы сериясы 30 шілдеде.

+0
24 шілде 2012, 15:09

Туу, әйтеуір соңы бар екен ғой.

+0
24 шілде 2012, 12:32

Арай, шілде айының 30-ында мал сойып, қан шығарып, құдай тамақ бер)))

+0
24 шілде 2012, 14:13

Арай мал сойып, ас берсе Біз де барып қалармыз)))

+0
24 шілде 2012, 14:21

:lol: :lol: мен де сөйтпесем

+0
24 шілде 2012, 14:26

Туууу, 30да баратын жер көбейіп кетті... :mrgreen:

+0
24 шілде 2012, 14:29

:lol: 30 күні сағат 21.30-да люююбой қазақтың үйіне кіре беріңіз, ас беріп жатады :D

+0
24 шілде 2012, 15:08

Сөйтпесем, келе қалыңдар))

+0
24 шілде 2012, 15:33

Арай, біз: Ғазиза, Akzhelen, мен(айтпақшы, есімім Арайлым) үшеуіміз 30 шілде күні сағат 21.30да саған асқа барамыз)))))

+0
24 шілде 2012, 16:24

Келіңіздер. Айтпақшы, басқа басылымдарға тарту етіп жатқан торттан ал келсеңіз тіпті жақсы болар еді. Бетіне Массагет деп жазып))

+0
30 шілде 2012, 14:31

Арай, бүгін 30 шілде...)))

+0
24 шілде 2012, 14:04

көретін кино емес!түк берер тәрбиесі жоқ сол қайынінісімен , я жеңгесімен жүргендері ма тәрбиесі?!түріктің сериалдарын құрту керек ``Денизден`` бастап!

+0
24 шілде 2012, 14:16

Өзіміздің сериалдар болса, мүмкін соларды Қазақстан телеарналары көрсетпес пе еді... :?:

+0
25 шілде 2012, 00:06

Ухтыыы Бихтер ) Кім не айтса, соны айтсын, но ол классная ) Жақында бір глянец журналадн ол туралы күшті мақала оқыдым, экстравагантная әйел екен ештемеден қорықпайтын :)

П.С. Риза қайда?

+0
25 шілде 2012, 16:06

Мадлен Мадлен, енді сол экстравагантная Бихтерді көөөөріііііп жатыңыз!)))) П.С. Риза қызды болып, бала күту демалысында.

+0
19 қазан 2012, 20:50

Ауыстырған уақыты тым ыңғайсыз, 31дің осы әдеті күйдіріп бітті. "Бихтерден кейін 31ден кино көрмеспін" деп ем, Бихтерді де инеттен қарайтын болдым ғо...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев