Арақтың жеткізер күні.

Арақтың жеткізер күні.
жеке
блог

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) заманында бір діндар адам болыпты. Ол бір шаруалары шығып ауылдан қалаға қарай жол жүруге бел буыпты, содан жаяулата келе жатып, кеш қарайған кезде орманның ортасында бір орманшының үйіне келіпті. Үйде орманшының әйелі мен екі жасар баласы ғана бар болатын. Әйел азып кеткен жан көрінеді. Жолаушы әйелге жағдайын айтып, қонуға рұқсат сұрайды. Сонда әйел үш шарт қояды, соның біреуін орындасаң қонуға рұқсат дейді. Ол шарттар мынандай еді: "менімен төсектес бол, не болмаса баланы өлтір, не арақ іш" Діндар ойланып, бері ойланып ақырында "күнәнің кішісі ғой"-арақ ішуді жөн көреді. Бірінші жүз грамм өткен жерден бірнеше жүз грамм өтіп, есінен танғанша ішіп ұйықтап қалады. Таңертең тұрып айығып қараса әйел қасында жатыр, есік алдына шықса баланың балталанған денесі жатыр, осы жайттарды көрген діндар жынданып асылып қайтыс болыпты. Міне арақтың салдары. Арақ - өзі алфавиттің алғашқы әріпі  "А"-дан басталып алып той болған үйдің төрінен табылып, еліміздің атын алып "Қазақстан", жыл басы басталатын  айдың атын алып "Наурыз" талай шаңырақтың күлін көкке ұшыратқан сұм.

Дина мен Талғаттың махаббатына жатақханада қызықпаған жас жоқ шығар. Студенттік жылдардың аяғына қарай шаңырақ көтерген достарым 1 жыл өтпей ажырасты. Себебі, қу арақ. Жұмыссыздықтан қолы бос Талғат күнделікті арақпен өзін алдап іштегі күйігін басып жүрді, күнде ішіп келген жарына Дина реніш шығарады. Өзі күйіктен ішіп жүрген жас жігіт әйелін сөзін көтермей соққыға жығады. Сол соққының салдарынан Динаның ішіндегі ұлы Дастанға зақым келіп, қазір бір аяғы бір аяғынан кішкентай болып мүгедектер қатарына қосылды, ал анасы Дина басынан зақым алып өзіне бір кісі қарап отыр, осының бәрін өз қолымен жасағанына шыдай алмай Талғат асылып қайтыс болды.

Арақтың жетелеп жеткізер күні осы ғой, осыны ертерек түсін бауырым!