Ұзақ түн

Ұзақ түн
жеке
блог

Мен қазір туған ауылыма себепсіз бара алмаймын. Жақсы сылтау керек сияқты. «Малена» фильмінің басты кейіпкері сияқты мені жұрт сабап тастамас. Бірақ ешкім күтіп те жатпайды. Әкемнің моласы болмаса...


Негізі Ойылдың түнін сағынамын. Біздің жақта кеш ерте қараймайды, таң да бірден атпайды. Түнде аудан орталығындағы басты көшеде жалғыз өзім маңғаздана жүруіме болады.


Аудан орталығының Татарка деген бөлігі бар. Түннің ортасында мені біреу үйіне қонақ қылатын тәрізді. Бір кездегідей. Бірақ ол кез жоқ қой, мен сол қалпы, ал олар уақытпен бірге кетті...


Ана жылы түнде менің кім екенімді сұрамастан, велосипедке мінгізіп алып, қыдыртқан белгісіз жанға ризамын. Ағаштардың арасынан шыға келетін құбыжықтарға да еркелеуге болады. Көпірдің астынан жұмақ жасап аламын.