Өмір сүре біл...
жеке
блог

Өмір сүре біл...

өмір сүр✨

түнде теңіздің жағасында әткеншекте отыратын сәттер үшін өмір сүр. ұзақ жолға шығып өзің жақсы көретін әуенді тыңдау үшін өмір сүр. түске дейін ұйықтап кенезең кеуіп тұрғанда бір жұтым су ішу үшін өмір сүр. бұрынғы өзіңмен салыстырғанда тәжірибелі бола түскеніңді сезіну үшін өмір сүр. алғашқы кездесу мен қызықты әңгімелер үшін өмір сүр. сезімдеріңді қағаз бетіне түсіріп бірнеше жылдан кейін күліп еске алу үшін өмір сүр. отбасынмен өткізетін кештер үшін өмір сүр. аппақ қарды көргенде баладай қуану үшін өмір сүр. өзінде бар мейірімділік пен шынайылықты сезіну үшін өмір сүр. қорқынышты артқа тастап, батыл болған сәттерін үшін өмір сүр. сүйікті әуендерінді айту үшін, кештерде билеу үшін өмір сүр. армандарына жететін сәт үшін өмір сүр. жылы сөздер естіп, жүрегін жылылыққа толу үшін өмір сүр. саяхаттау үшін өмір сүр. ішегін қата күлетін сәт пен бір мұңның тұңғиығынан шығатын сәт үшін өмір сүр. музыка, эстетика, өнер, өлең, кітап, қызығушылығың үшін өмір сүр. біреу үшін өмір сүрем деп ойлама. өзің үшін, барлық сәттерді сезіну үшін өмір сүр.