"Menin armanym" жобасы

19-қаңтар күні Шымкент қаласында "Менің арманым" атты корпоративтік қордың түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Конференцияға Шымкент қаласының еріктілікпен айналысатын бір топ жастары келіп, ойларын ортаға салып, жобаға көмек беру жөнінде кішігірім талқылау өткізді.
"Менің арманым" жобасы-3 пен 18 жас аралығындағы ауыр дертке шалдыққан бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің арманын орындауға қолдан келгенше көмек беретін қор. Жобаның басты мақсаты-балалардың өмірге деген құлшыныстарын арттырып, рухани тұрғыда қолдау білдіру, жарқын болашаққа қадам басуға шақырып, сөнген үміттерін қайта жалғау.

"Менің арманым" корпоративтік қоры мынадай армандарды жүзеге асыруға септігін тигізеді:
"Уақытша .... болғым келеді" (мұғалім, дәрігер, тілші, аспаз, т.б)
"... жерде болғым келеді" (мұражайда, театрда, түсірілімде, хайуанаттар бағында, не болмаса, басқа да елдер мен қалаларда, т.б)
"... кездескім келеді және қолтаңба алғым келеді" (сүйікті әншісімен, атақты қайраткермен, әйгілі тележүргізушімен, т.б)
"... құрғым келеді/жасағым келеді" (жеке ән кешін ұйымдастыру, ерекше бейнебаян түсіру, көрме құру, туған күн кешін, жаңа жыл мерекесін, үйлену тойын, т.б)
Айта кетейік, корпоративтік қорға қаржылай көмек беруге, еріктілікпен айналысып, жобаның дамуына үлес қосуға кез-келген отандасымыз құқылы.



Бөлісу: