Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Баламның былдырлары 2

Баламның былдырлары 2

Баламның былдырлары 2

Ер бала болған соң ба, Даниял кішкентайынан машинаға құмар. Отырған машинамыздан олардың маркасын сұрап, қандай май құятынын сұрап тыным бермейді. Бәрін білгісі келеді. Тағы бірде солай таксиге отырдық. "Мама, бұл қандай машина?" Мен өзім көзіме бақырайып көрініп тұрмаса, ажырата бермеймін. "Білмеймін, балам". "Көкеден сұрасаңшы". Таксист бізге қарап "Сен машинаның маркасын қайтесің, түсінбейсің ғой" деді. Бала көңіл емес пе, Даниял аузы бұртиып қалды да, сонда да қайтпай "дикісі қандай ал" деп қойып қалды. Шопырымыз күлкіден жарылғаны. "Мен бұны маркасын қайдан түсінсін деп отырсам, дикісін сұрап, есімнен тандырды ғой. Жарайсың, балам" деді.

Арқанкерген оқиғасының жаңалықтарды бермей тұрған кезінде ғой. Ұлым ініме келіп "көке, сен қандай жұмыс істейсің" депті. "Әскермін ғой" депті інім. "Ммм" деп біраз ойланып қалған Даниял "Абайлашы сені біреу атып кетпесін, сенде біреудің баласын атып тастап жүрме" депті. Інім не айтарымды білмей қалдым дейді. 5 жарым жасар баланың да санасына сіңіп үлгерді сол оқиға.

Үйде інім екеуі ғана қалыпты. Апасы үйде жоқ болса қарны аша беретін әдеті дейді Даниялдың. "Көке, қарным ашты". "Не жейсің" депті інім. "Айтсам бересің бе?" Ойында ешнәрсе жоқ інім "Иә, айта ғой" деген ғой. Сөйтсе балам "Тиын жеймін" депті... Сөз тапқанға қолқа жоқ дейміз бе...

Бірде бәріміз кино көріп отырғанбыз. Бір кезде балаларға көрсетпейтін жері болып қалды. Ал балам көзін алар емес, сүйісіп жатқан екеуіне беймарал қарап отыр. "Балам, ұят емес пе? Неге көзімізді жұмбаймыз?" "Мама, не болады екен көрсе, олар әншейін сағызға таласып жатыр ғой. Кеше Жанна тәтем мен Бақытжан көкемде сағызға таласты" дегені. Не айтарымды білмей қалдым. Сіңлім күліп жіберді, күйеубалам қып-қызыл боп ұялып төмен қарады. Сөйтсем, екеуінің сүйісіп тұрғанын көріп қойып "не істедіңдер" деп сұраған Даниялға Бақытжан "жәй, сағызға таластық" деп жауап берген екен. Ал бала оны қағып алған. Міне, балалы үйдің ұрлығы жатпас деген... )))

1508 14
Рейтинг: +3

Автор: Тамшы ***
Жазылған уақыты: 19 шілде 2012, 12:47
Тегтер: Бала тілі - бал!, баламның, былдыры, Даниял
Пікірлер
+0
19 шілде 2012, 13:26

:lol: Қатырыпты)))

+0
19 шілде 2012, 13:28

қап... мына жазбаға күйені қалай жағып қоюға болады екен)))))). Тіл-аузым тасқа!!!

+0
19 шілде 2012, 15:04

Иә, Алла тіл-көзден сақтасын. рахмет.

+0
19 шілде 2012, 13:44

:D :lol: қызықты сөздер

+0
19 шілде 2012, 13:48

:D :D :D сағызға таласып жатыр дей ма)))) әй жүгірмек-әй)) мләдес қой

+0
19 шілде 2012, 13:53

:lol: :lol: :lol: :lol:

+0
19 шілде 2012, 14:40

Хе-хе, балаңыз шынымен қылжақбас екен. Тфәй-тфәй, үлкен азамат болып өссін. :)

+0
19 шілде 2012, 15:05

хе-хе. иә. рахмет.

+0
19 шілде 2012, 16:18

Даниалдың деген екендері күшті екен. :D

+0
19 шілде 2012, 16:35

:mrgreen:

+0
19 шілде 2012, 18:47

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев