Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жаңа клип! Қабыл алыңыздар!

Жаңа клип! Қабыл алыңыздар!

Жаңа клип! Қабыл алыңыздар!

Ассалаумағалейкүм, достар!

Қалдарыңыз жақсы ма? Массагет деген әдемі мекенді ұмытты деп ойламаңыздар, кіріп, оқып, ойлап жүрмін! Қайда жүрсем де, интернет қасымда. Сондықтан байланыстамын!

Енді жаңалық... Басты жаңалығымызға тыңдарманның көбі куә болып үлгерген сияқты. Бұл "Перзент арманы" деп аталатын әнімізге түсірілген жаңа бейнеклипіміз. Бұған дейін махаббат тақырыбына клиптер түсірсек, енді жетімдер тақырыбын таңдадық. Көрерменге ой салып, салмақты әнді жүректерге жеткізуді мақсат тұттық.

Жетімнің басын сипаған адамның сан сауапқа кенелетіні біздің жадымыздан ешқашан шыққан емес. Сондықтан, балалар үйіне барып, олармен жүзбе-жүз кездесіп, бейнебаянды түсірдік. Бірақ, рөлге бекітілген Шерхан мен Муслим балалар үйінің тәрбиеленушілері емес. Кішкентай актерлер!

Бейнебаянның тұсауын Ел Арна арнасының "Жарайсың" бағдарламасында кестік және МузЗон музыкалық арнасынан беріліп жатыр. Интернетте жүрген достарым, сіздер, ютубтан көріп үлгерген шығарсыздар! :) Біз үшін сіздердің бағаларыңыз бен пікірлеріңіз маңызды екенін ұмытпаңыздар!

Түсірілім мен әнге тоқталсам, сөзін жазған Ринат Зайытов, әні Ұлықпан Жолдасовтыкі. Режиссері "Другой" продакшнның режиссері Валерий Задарновский. Алғаш рет бейнебаянды көргенімде, көңілім босады... Жетімін жылатпаған бабалардың ұрпағымыз ғой... Олардың "тастанды" атануларына не жазықтары бар деп ойладым. Әке мен шеше қарауындағы балалардын айыпмашылығы жоқ, әдемі, есті балалар екен...

Енді келесі бейнебаяндарымызды күтіңіздер! Ол махаббат тақырыбы болмақ әрі көңілді әнге түсіргіміз келеді! Қалған жаңалықтарымызды күзге қарай күтіңіздер! 

Сәлеммен, Melo'MEN тобы. 

Назарларыңызда: "Перзент арманы"

53070 54
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 18 шілде 2012, 17:40
Тегтер: "Перзент арманы", Меломен
Пікірлер
+0
18 шілде 2012, 18:19

Әннің сөздері әсерлі екен! Бейнеклиптегі балалар тфә-тфә көз тимесін, сүйкімді-ақ :)

+0
18 шілде 2012, 18:32

өте керемет :!: бұндай жетімдер аз болса екен.халыққа тәрбиесі бар клип екен....ғажап :!:

+0
18 шілде 2012, 19:27

Рахмет!

+0
18 шілде 2012, 19:05

Маған да ұнады, бірақ жүрегім шымырлап кетті! :( Клиптің соңына дейін, "анасы мен әкесі келіп алып кетеді" деген үміт сөнбеді!

+0
18 шілде 2012, 19:26

Режиссердің идеясы солай болды. Рақмет пікіріңізге!

+0
18 шілде 2012, 19:11

Келесі ән "Ұмыта алмау" ма?

+0
18 шілде 2012, 19:24

Бәрі де мүмкін.. "Кеш ұқтың неге?" жаңа әнге болуы мүмкін. "Өнеге" журналының осы айдағы санында жазылды...

+0
18 шілде 2012, 23:08

Түйткілі мол, ой салар жай...................Жылулық керек қой әр балаға :!:

+0
19 шілде 2012, 02:05

сендерді дым ұнатпайым осы :x

+0
19 шілде 2012, 09:17

Бейнебаян мен ән мәтіні ұнады. Ал ән аса ұнаған жоқ

+0
19 шілде 2012, 15:39

"Анам мен әкем бақытты болса екен, бар болса..." :(

+0
19 шілде 2012, 16:02

Бала мен қонжық тамаша ойнап шыққан!

+0
19 шілде 2012, 22:57

сөз жоқ керемет ұнады маған. сөзі де әні де ұнады. жарайсыздар. осындай балаларды көргенде, еске алғанда адамның жаны калай ашымайды, тіпті көңілі босап кетеді. қалай балаларын тастап кетеді екен осы кейбір ата аналар. әйтсе де, осындай балаларды Аллаһым панасыз қалдырмасын.

+0
19 шілде 2012, 23:50

Клипты көрген сайын көңіліп босап кетеді.. :cry: . Кішкентай бала өте талантты екен!!!

+0
20 шілде 2012, 01:58

Клип әсерлі екен. Әсіресе сырттағы баланы шешесі алып кеткенде жетім баланың бейнесі көңілді босатты.
Ал әні мен сөзінен ерекшелік байқалмады

+0
20 шілде 2012, 05:01

Бейнеклипп оте тамаша! Әсерлі әрі мән- мағынасы бар. Кім-кімдіде ойландырары сөзсіз. :( (Бірақ, қанша бейнеклипп түсірсекте, мықты актерді шақырсақта біз жетім баланын журегіндегі мұңы мен сызатты, ата-анасына деген сағынышты жеткізе алмаспыз :( )

+0
20 шілде 2012, 09:54

дурыс айтасын!

+0
20 шілде 2012, 15:12

көңілім босап кетті ғой..........:(

+0
20 шілде 2012, 15:55

әндеріңіз өтте тамаша! қатты ұнады.. клипты көргенде тіптен көңілім босап кетті)))

+0
20 шілде 2012, 16:30

Кеш жарык клип те, әнде қатты ұнады. Ән таңдаумен клип түсіруден шатаспапсыздар. Расында да жүрекке жетеді, жастарға жаксы жағынан ой салады,. Мен сіздер үшін қуаныштымын. Осындай ойлы, мәнді де мағыналы әндеріңізбен клиптарының көп бола берсін. ӨТЕ ТАМАША АҚ ЖОЛ СІЗДЕРГЕ ;)

+0
20 шілде 2012, 17:37

ұнады. өзі кішкентай актер анасы бар сәбиге қызығып қалған баланың жан жарасын қалай көрсете білген деп таңғалып, сүйсіндім. "өмірге келген әр сәби - біреудің Баласы, тағдырын бірақ таңдауға жетпейді шамасы..."

+0
21 шілде 2012, 00:45

өте керемет шыққан.актер балада беріліп ойнап тұр.Осы клип шыққалы музонды кунде қараймыз.

+0
21 шілде 2012, 00:46

ән жинақтарыңызды асыға кутем! ;)

+0
21 шілде 2012, 12:12

Алла разы болсын! Рамазан құт-береке бергей. Өнер өрге жүзсін!

+0
21 шілде 2012, 16:36

Салеметсіздерме! Рамазан айы сіздерге мол табыс әкелсін. :arrow: Маған клиптеріңіз өте ұнады!!!

+0
22 шілде 2012, 04:03

өте қызық бейнебаян шынымды айтсам идеясын түсінбедім :mrgreen:

+0
23 шілде 2012, 22:02

оте асерли екен :cry: али коз жасымды тия алмаудамын((

+0
24 шілде 2012, 16:05

Жалпы жақсы жарайсыңдар МЕлОмЕн ТоБы!

+0
24 шілде 2012, 22:29

Өте тамаша клип,маған қатты ұнады.Жалпы МЕЛОМЕН тобын сүіп тыңдаймын.Клипта кішкентай балалар жақсы ойнай білген,адамның көзіне еріксіз жас келеді екен :cry: .Осындай адамға ой салатын клиптарыңыз көбейе берсін!Әнжинақтарыңызды асыға күтем.

+0
25 шілде 2012, 03:10

Жарайсындар жигиттер

+0
25 шілде 2012, 18:54

Клипте,әнде керемет!сәтті шыққан туынды!Онерлеріңіз өрге жүзсін!!!

+0
26 шілде 2012, 22:21

өте керемет! маган катты унады

+0
28 шілде 2012, 15:58

КЛИП ОТЕ ТАМАША МАГЫНАЛЫ :!: :!: :!:

+0
01 тамыз 2012, 17:28

жаксы меломен тобы алға

+0
01 тамыз 2012, 17:29

маган катты әсер етті :cry:

+0
01 тамыз 2012, 21:46

бейнебаян шынында керемет шыккан адамгаа ой салардай :roll: :cry: ал аннин созиде магынасыда угарлык жарайсындар жигитер келеси бейнебаяндарынызды тагатсыздана кутемин одан баска бейнебаяндарыныз секилди керемет болатынына сенимдимин!!!" тек кана алга

+0
03 тамыз 2012, 14:11

Beinebayan tamawa,aserli....jaraisizdar..ALLA ISTERINIZGE ON NIETIN BERSIN...

+0
08 тамыз 2012, 18:20

ия жаксы клип екен!!!!! омірде неге осындай тамаша брак бақытсыз балалар коп екен!!!!!!! Категез аналардан сактасын!!!!!

+0
23 тамыз 2012, 01:12

Клиптеріңіз құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін! Ел көңілінен шығып ыстық қошеметке бөленіңіздер Мелондік жігітер :)

+0
04 қыркүйек 2012, 22:54

Баріне Салем!!))))))))) Меломен тобы Сіздердің Перзент Арманы атты Бейнеклиптерініз унады!!!!!!! Мен ВЕЛИКОЛЕПНО дер едім))))) Онердерініз орге жузсін!!!!!!! Тек кана алга!!!! Сіздерге зор денсаулык, мол бакыт кажымас Кайрат талмас канат тілеймін!!!!!!!!!!!! Алла Тагала сіздерге куш куат берсін!!!!!!!!! Жігер ага аркашанда ЖІГЕРЛІ болыныз!!!!! Я ВАС ЛЮБЛЮ)))) :!:

+0
04 қыркүйек 2012, 22:58

И СОСЫН Ва банк кушты айттындар!!!!!!! Тагы да корейский олен айтасызба))))) Жалпы корейский тілді білесз ба :?:

+0
10 қыркүйек 2012, 17:52

Меломен тобы! сіздерді сүйіп тыңдаймын, шығармашылық табыс тілеймін сіздерге мына өлеңді арнаймын! Үшінші SMS хат

Жалықтым бәрінен жерідім,
Сендей боп түсінсін мені кім?!
Әзірге жаныма жұбаныш
ұялы телефон­ ­– серігім.

…Альбомды ақтардым түнімен,
Өзімді тағы да алдадым.
Жас сіңген жастықты құшақтап,
Ұйықтай алмадым.

Шырмауық ойыма шырмалып,
Не таптым түнеріп түн бағып?!
Сұп-суық таң атып келеді,
Сұп-суық төсектей сұрланып.

Сұп-суық тағдырға мөлдіреп,
Жанымнан ып-ыстық жас тамған.
Сен деген сенделген ғұмырды
Ми емес, жүрегім басқарған.

Өтінем, хат жазшы аспанға,
Хаттарың аспанмен келеді.
Сағыныш тілімен оқиын,
Жоқ менде басқа арман… Себебі… Авторы Бауыржан Қарағызұлы.

+0
21 қыркүйек 2012, 18:16

өте тамаша клип!АЛЛА сіздерге тек қуат берсін!

+0
21 қыркүйек 2012, 18:25

Клип оте керемет шыккан.Коргенде козге ериксиз жас келеди.Осындай керемет клиптериниздин тусауы кесиле берсин.Оздериниздин тындармандарынызды ар дайым осындай керемет андериниз бен жане клиптеринизбен куанта бериниздер.Сиздерге Алла Жар Болсын!!!.Саттилик сериктериниз болсын.

+0
07 қазан 2012, 19:14

әуелі алла разы болсын! бұл топты ең бір шын таланыт биігінен көріне алған топ деуге болады. егер эстрада тірілер болса, жұрттың бәрі жаппай тірі дауыста ән салса Меломен көш басынан көрінеді деп сенем. "тілегім менің кеудемде соңғы дем қалғанша, анам мен әкем бақытты болса екен бар болса" құйыттай сәби жүрегінен шығар риясыз пәк көңілдің лүпілі емес пе?! бұл әннің иріміне, ішкі бұрқанысы мен бөгтіне кіріп айтудың қиындығын сіз бен біз әлі толық сезініп те жетпедік. сол тұрғыдан келгенде жігіттер жарады. құттықтаймын! АЛҒА ЖІГІТТЕР!

+0
07 қазан 2012, 19:15

АЛЛА разы болсын!

+0
26 қазан 2012, 22:42

меломэн жігіттері,өте тамаша жүрекке әсер беретін бейне клип :!:

+0
06 қараша 2012, 20:13

күшті клип!Сіздерге Аллаһ Таһалам жар болсын!!!Әумин :| :D

+0
07 қараша 2012, 22:18

Осы оленнин мани оте зор екен)))Ар тилеум осы жетим балалар ата-анасын тауып Бакытты болсын!!!! Меломен тобы менин суикти тобым онерлерин орге жузсин!!!! Алла каласа бариде болоды!!!Аркимнин тилеуине периште Аумин десин)))) Шын Ниетпен!!!

+0
26 қараша 2012, 01:36

оте керемет,онерлерин орге жузе берсин Азаматтар!!!

+0
06 желтоқсан 2012, 00:03

онерде коптеген табыстар тилеймин, жигиттер! :!:

+0
13 тамыз 2013, 01:20

керемет өлең, клип те тамаша, балаларын тастап кеткен ата-аналарға ерекше ой тастар деген ойдамын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев