жеке
блог

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
Есірткіні ессіздер тек қолданады,
Қоғамымыз қобалжулы, қорғанады.
Орынды іске бағыттап, өрелі оймен,
Тұғырлы қызың эссе жазып, толғанады,- деген өлең жолдарым арқылы тақырыпқа жол ашуды жөн санадым.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгенде ата- анасы болашағына зор үмітпен қарап, алдына мақсат қоюға тәрбиелейді. Ал дұрыс тәрбиелене алмаған, дұрыс қалыптаса алмаған баланың болашағы бұлыңғыр екені даусыз. Өмірдің әртүрлі қателіктеріне ұрынып, аяғы дертке ұшырайды. Мысалы,темекінің дәмін тата бастаған бала өсе келе есірткіге әуес болады. Есірткі ес түссіз жасөспірімді баурап алып, өлімге апарады. Сонымен қатар, айналасындағыларды да улайды. Бүкіл әлемге қасіреті бар нашақорлық –аса қауіпті дерттердің бірі деп айтуға болады.Бүгінде төменгі сынып оқушыларының өзі есірткінің теріс әсері мен қайғылы зардаптар жөнінде айтып бере алады. Олар өз ата- аналарымен салыстырғанда , бұл турасында көш ілгері тұр. Алайда, бұл білім оларды мас қылатын заттардың дәмін татудан және оны тұрақты қабылдаудан аулақ қыла алмайды. Себебі, бұл олардың әлсіз мінез- құлқы мен танымдық ауқымының жетілмеуінен болады. Қазірде Ішкі Істер қызметкерлері жасөспірімдердің ауытқулы мінез- құлқының алдын- алу үшін түрлі іс- шаралар өткізуде.
Нашақорлық -бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлықтың қасіретін емдеуші дәрігер ғана емес, күнделікті көріп жүрген әр жан сезеді.
Нашақорлық- тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Адам ағзасын өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағза тез қабылдайды. Бұл адамның көңіл- күйін, сана- сезімін, мінез- құлқын бұзатын, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Ең алдымен, жүйке жүйесін улайды, ақылмен жасалатын жұмыстардан бас тартатын болады, өмірге қажетті барлық жұмыстарды орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді. Бұл күнде жігіттер ғана емес, қыздардың да темекі тартатыны, арақ ішетіні, есірткіге әуестігі ешкімге сыр болмай қалды. Бұл әрине өкінішті жайт. Өйткені, бұлардың қайсысы болсын денсаулық үшін зиян. Таразының бір басында оны жеткізетін және тартатын адамның өмірі, ал екінші басында оың көмегімен есірткі қолданушылардың құрып бара жатқан өмірі. Нашақорлық дертіне шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі.Өзінің денсаулығын, қоршаған адамдардың өміріне де қауіп туғызады. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп отырғаны ешкімге таңсық емес. Нағыз бұзылған нашақор түзілмейді, емдеуге де келмейді. Ол қоғамның саналы мүшесі емес. Ал біз, осыған қарсы бүгінгі қоғамдағы мыңдаған құрбыларымызға бұдан сақтану жолдарын түсіндіріп, насихаттауымыз қажет. Ашық аспанымызға қара бұлт төнген заман кеселдерінен арылу, арылту- көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың борышы деп білуіміз керек. Біз салауатты өмір салтын қалаймыз. Ол үшін жеке бас және қоғамдық тазалықты сақтап, салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды нәрселерден аулақ болған абзал.
Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу- біздің қолымызда, өйткені біздер, жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз ... Ойланайық! Санамызға салып саралап, пайымдайық! Баршаңызды нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын!
Қорытындылай келе, өмір атты кемеде тұңғиыққа батпай, шексіз- шетсіз ғарыш кеңістігінде бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік, достар! Нашақорлықтың алдын- алудың басты шарасы- бұл қоршаған ортада, мектеп қабырғасында, жанұяда сыйластық, сүйіспеншілік, сенімділік болуы қажет деп білемін. Өмірдегі қиыншылықтардан қашпаңыз, өз көңіл- күйіңізді есірткімен көтеремін деп әуреге түспеңіз! деген тұжырымды пікір айтқым келеді.

#УПНДПКЗО
Қызылорда қаласы,
№212 мектеп-гиназиясының 7 «А» сынып оқушысы: Амантай Айзере Ерназқызы

Жұлдызды блогтар