Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / ДЕГЕН ЕКЕН...

ДЕГЕН ЕКЕН...

ДЕГЕН ЕКЕН...

 

 Қаламы сөйлейтін қаламгер
 
Жүрегінде иманы бар кез келген мұсылман қауымы Аллаға қалай сенсе, періштенің де бұл құпиялы әлемде барына солай сенеді. Бірақ әзірге оларды көрген де немесе тілдескен де адамзат баласы жоқ. Ал біз оны күнде көріп, тілдесіп жүрміз десек, сенер ме едіңіз? Имандай иланғаныңыз абзал. Өйткені ол біздің «Айқын» газетінде істейді. Аты-жөні - Төреғали Тәшенов.

Олай дейтін себебіміз ол ер жасы - елуге келсе де қулық-сұмдықтан ада. Адамзат баласына пайдасы тимесе, зияны жоқ. Мінезі - сабырлы, салмақты. Мойнына асылып, төбесіне шықсаңыз да былқ етпей тұра беруге бар. Ол үйінен күнде 10 ауыз сөз алып келсе, соның бесеуін кешке дейін пайдаланбай, қайта алып кетуі әбден ықтимал. Өйткені оның тілі - қолындағы қаламы. Ал сөйлей қалса, көп сөз шығындамай, нысанаға дөп тигізеді. Соның бір парасын назарларыңызға ұсынғанды жөн санадық. Оқи отырыңыздар, күле отырыңыздар...


«Мы не живем...»
Бірде Төкең Түркияға іссапарға барады. Бұл сапар оған қатты әсер еткен болуы керек. Жер бетіндегі жұмаққа барып келгендей аузын ашып, көзін жұмып, ішегін тартып қайтады. Әріптестері оны қаумалай қоршап алып, Түркиядан алған әсері туралы сұрай бастайды. Сонда ол айналасына байыппен қарап алып:

- Мы не живем, а существуем, - деген екен өзінің бүкіл әсерін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырып.

Халыққа керек той
«Айқын» газетінің ақ­сақалы Жұ­мабек Жанділдин Төкеңнің ер жасы - елуге ке­ліп, өзінің мерейтойын тиісті дәрежеде атап өткелі жатқанын естіп:

- Әй, Төреғали, бүкіл әлем тоқы­раудың топа­лаңын күтіп, қалтырап, ді­рілдеп отыр. Ал өзің тапқан-таян­ғаныңды банкке төлеп, несібеңді не­сиеге айыр­бастап жүрсің. Сөйтіп жүріп той тойлағаның неңді ал­ғаның? - дейді әріптес іні­сіне қалжыңдап.
Сонда тау қозғалса да қозғала қой­майтын Төкең біраз кідіріп барып:
- Жұмеке-ау, сол той ма­ған емес, ха­лыққа керек бо­лып тұр ғой, - деген екен.

Адам өлтіретін әзіл
Төреғали Тәшенов, Жомарт Сапар, Сей­сен Әмірбек - бәрі «Айқын» газетінің қалжыңқұ­мар қызметкерлері. Олар бір-бірімен ылғи да қатты әзілдесіп жүреді. Бірі аға, бірі іні болға­нымен, заман құр­дас емес пе?! Кейде олардың әзілдері адам өлтіреді.

Бірде елге белгілі бір қаламгер қайтыс болып, оны мәңгілік сапарға шығарып са­лып келе жат­қан олар бір-бірін түрт­кі­леп, әзілге ерік береді.
- Төке, - дейді Сейсен Жомартқа кө­зін қысып қойып, - бір күні Сізді де осы­лай шығ­а­р­ып саламыз-ау.
Жомарт та Сейсенді қостап қояды. Екеуі­не есесін жіберіп қоятын Төкең бе?
- Алдымда жасы үлкен Жомарт бар ғой, - деп қойып қалады. 
Ажалдың аяқ астынан келе қалғанын кім ұната қойсын?! Жомарт шошып ке­тіп:
- Жас өле ме, кәрі өле ме, кім біледі? «Жақ­сы сөз - жарым ырыс» деген, жақсы сөз айтыңдар, - дейді әңгіме арнасын бас­қа тақырыпқа бұрмақ болып. 
Сонда Төкең:
Жаратқанға жас керек болса - Сей­сен, кәрі керек болса - Жомарт бар ғой, - депті.


«Мягкий ислам»
Төкең бір кездері имандылыққа бет бұрып, құбылаға қарап, намаз оқып, бес уақыт жайнамазға жығылып жүрді. Ораза айтты асыға күтіп, ел қатарлы ауыз бекітіп, жұма намаздан да қалмайтын.

Бір күні әріптестеріміздің бірі той жасап, ұжымдағылардың бәрін қуанышына ортақтасуына шақырды. Тойдың бел ортасында Төкең «өте көңілді» боп шыға келді. Сырттай қараған адамға бас құданың нақ өзі секілді. «Іштегі микробтарды «өлтірейін» дегені шығар» деп қоя салдық. Қас қылғандай ұжымда той да, салтанат та көбейді. Төкең де «бәйгеге» жиі-жиі қосылып, аттың басын еркін жіберетін болды. Гайкісі босап, жайнамазға емес, жерге жығыла беретін болған соң:
- Төке, күні кеше намаз оқып жүр едіңіз. Мұныңыз не? Исламға қайшы емес пе? Сіздікі қай ислам? - дейді «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары Берік Бейсенұлы.
Сонда Төкең:
- Біздікі «Мягкий ислам ғой. Анда-санда ұрттап тұруға болады» деп бәрімізді қыран-топан күлдіріп алды.

Әпенділердің әзілін әрлеп, қалжыңын қоюландырған - Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ 



8319 12
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 18 шілде 2012, 13:29
Тегтер: әзіл, қалжың...
Пікірлер
+0
18 шілде 2012, 15:59

:lol: :lol: әбден күлдім

+0
18 шілде 2012, 16:27

жинап жүрем "деген екендерді", менімен бөлісе жүріңдерші))))))

+0
18 шілде 2012, 16:42

шығыстың малтүгелдерінің деген екендерін айтсанызшы әпке

+0
18 шілде 2012, 16:46

шет жағасын естіген едім, жіберші маған. Мой мирге ме, фейсбукке ме, өтініш!

+0
18 шілде 2012, 16:51

құп болады әпке, жазып жүргендерім ішінен теру керек.

+0
18 шілде 2012, 16:53

күтем, уәдені ұмытпа

+0
18 шілде 2012, 16:58

Шығыстың уәдесін ұмытқан жігітін кездестірдіңіз бе :?:

+0
18 шілде 2012, 17:37

4e to prikoldaryn ukpadym vawe.

+0
18 шілде 2012, 19:19

)))))))) неге? Әдемі әзіл ғой. Төреғали аға мықты ақын тағы...

+0
20 шілде 2012, 02:06

Соңғысы тек қана әзіл емес секілді, оған күле алмадым

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев