«ЭТО НЕ КОНЕЦ СВЕТА!..»

«ЭТО НЕ КОНЕЦ СВЕТА!..»
жеке
блог

Бұл – Өнер академиясынан «құлап» келген ұлдың сөзі. Тарихтан сүрінген ұлымды ақылы оқуға үгіттеп-ақ жатырмын.

            – Жоқ, ақылы оқуға бармаймын! Бір жыл жұмысымды істеп қайта тапсырамын! – Айтқан бетінен қайтпайды-ау, қайтпайды...

Үндемей отырмын. Көз қиығыммен ақырын ұлыма қарадым.

            – Келесі жылы тура осы академияға, тура осы бөлімге қайта барам. Биыл дайындық аздау болды...

Онысы рас. Маусымның 23-іне дейін мемлекеттік тәжірибеден өтіп, 25-інде дипломын алған.

Әскерге барам дегеніне қарсы болғам. Бұл жолы бірдеңе деуге «бет» жоқ...

            – Келесі жылы тап осы бөлімге қайтсем де түсем! Көрсетемін оларға! Это не конец света!

Басын көтеріп маған қарады. Көзіме тура қарап, әр сөзін нығарлап айтты. Тағы да үндемедім. Жанарынан отты көрген соң шығар, ұққан сыңай таныттым. «Ақылы бөлімге келісіп қалар» деген үміт те жоқ емес. Бірақ ұлдың түрінде – «айттым – бітті, кестім – үзілді» деген жазу... 

Айтпақшы, суреттегі кәдесый домбыралар – Асекемнің еңбектері. Қолынан іс келетіндіктен де шығар, бәріне сенімді. Алла жар болсын, балам!