жеке
блог

Туған жерімнің тарихы

Сыры терең Сүткент қаласы менің кіндік қаным тамған жер.Мен үшін орны бөлек,құпиясы мен сыры көп ол менің туған жерім, атамекенім Сүткент ауылы.Әрбір адамзат өзінің туып өскен жерін,елін және тарихын білуі тиіс. Ал Сүткент ауылының тарихы тереңде жатыр.Жалпымызға мәлім Сырдария өзенінің бойына орналасқан,үлкен керуен жолдарының торабы,оғыз тайпасы мекендеген қалашық.Сүткент қаласы жайлы қандайда бір дерек көздерін іздесек барлығында “Сүткент оғыз тайпалары мекендейтін қала” деп көрсетілген. Шынында да Сүткент оғыз тайпасының қаласы ма? Сыр бойында мекендеген Қорқыт атамыздың барлық  жыры “оғыз” сөзімен аталған. Көптеген тарихшылардың пайымдауынша “огуз”  сөзінің мағынасы “уыз,сүт” деген сөзден шыққан деп көрсеткен.Яғни Сүткент сөзі осы “оғыздар мекендеген оғыз қаласы” деген мағынаны берген.Алғашқы деректерге қарасақ 10 ғасырда өмір сүрген араб географы Ибн Хаукальдин “Китаб ал-месалик ва-л-мемалик” атты еңбегін атап өтсек болады. Онда “Сүткент-Шаш өзенінен батысқа қарай орналасқан қала. Қалада мешіт бар,огуз,карлық түркі тайпалары жиналады және олар ислам дінін қабылдаған ержүрек, батыл, көрші түркілірмен соғысады,ешкімге мойынсұнбаған” деп біраз зерттеу жүргізіп, мәліметтер қалдырып кетті. Тағы тарихи деректердің бірі 1404-1405 жылдары Әмір Темір Самарқаннан Отырарға жасаған жорығында  Сүткент қаласы арқылы өтті деген дерек көздері  бар.

        Міне мың жылдам астам тарихы бар қазіргі Сүткент елді мекені осы уақытқа дейін сақталып, өсіп өркендеуде. Орта ғасырлық Сүткент қаласының аумағы 1 км квадрат шамасында. Онда көне Шығыс қалаларына тән цитадель,шахристан,рабат бөліктерінен құралған.Бұл жерде цитадель бөлігі қаланың қорғанысы болса,шахристанда байлар мен билеуші топтар және дін қызметкерлері тұрған. Ал рабатта саудагерлер,қолөнершілер мен шеберлер мекен еткен. Қазіргі Сүткент елді мекенінің кез-келген жерінен күйдірілген кірпіштер мен ыдыс қалдықтарын кездестіре аламыз.  Осыған қарағанда бұл жерде кірпіш құю мен ыдыстар дайындаумен айланысқан деген тұжырымға келуге болады. Осындай тұжырымға келуіміздің себебі мектеп мұражайында тұрған көне жәдігерлер дәлел бола алады. Сайын даласы тарих қойнауынан сыр шерткен Сүткент Сырдың ұлы қонысы болғанына, ақиқаттар мен аңыздар жетерлік және де мың жыл өтседе сақталып қалуда.  Халық ауызында мынадай аңыз әңгіме бар. Біздің Сүткент ауылының батысында орналасқан Сүткент қалашығының төбе-төбе үйіндісі бір оқиғаға куәгер. Ол жер “Шыңғыс хан төбе” деп аталады.Яғни әлемге әйгілі әмірші Шыңғыс ханның “ат тұяғының ізі осы Сүткент” жеріне де жетіп,моңғол шапқыншылығы салдарынан қаламыздың мәдениеті құлдыраған деген аңыз әңгімелер кездеседі. Бірақ қаншама жыл өткен соң, Сүткент елді мекені қайта дамып, мақтанышқа айналып отыр.

Жұлдызды блогтар