Мен таныған Абай

Мен таныған Абай
жеке
блог

     Қазақтың ұлы ақыны,көркем сөз шебері,қазақты әлемге танытқан ол-Абай Құнанбайұлы. Абай жастайынан зерек,дарынды,ақылды бала болып өскен. Биыл яғни 2020 жыл Абай атамыздың 175 жылдығы. Халқымыздың ұлы перзенті Абай атамыз ел тарихында өшпес із қалдырып,өз шығармаларымен танылған ерекше дарынды кісі.Абай атамыздың әрбір шығармасы ұлт болмысын,тұрмыс тіршілігін,дүниетанымын, мінезін,жанын,тілін,дінін,рухын асқақтатар керемет туындылар. 175 жылдық мерей тойда мемлекет көлемде халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.Бірақ бұл іс-шаралар тек мерей тойды тойлау ғана емес,рухани тұрғыдан адамзат баласының өрісін кеңейту болып саналады.Абай өз шығармаларымен әлемде бірегей құбылыс ретінде саналады.Абай атамыздың шығармалары-халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан мұрасы.Ол туындылар-маңызын жоймайтын рухани,асыл қазына.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғам құбылысы бұзылсада әрбір шығармалары халықтың жүрегінде мәңгі сақталатынына күмәнім жоқ.Абайдың әрбір сөзі қазақтың бойына ана сүтімен дарыған десек артық айтпаймыз.Ақынның өлеңдерін білмейтін қазақ кемде кем шығар.Қазақ халқы ғана емес өзге ұлттар бір шумақ өлеңін жатқа айтып бере алады.Еңбектеген баладан,еңкейген қарияға дейін Абайды таниды.Қазақты танығын келсе Абайды оқы-деп бекер айтпаған.Абайдың әрбір шығармасының мән-мағынасы өте терең, тәрбиелік мәні бар.Қазақты қазақ деп мойындатқан ол біздің Абай Құнанбайұлы.Қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Абай нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қоймай,сонымен бірге алға қойған мақсатқа жетудің жолын шынайы айқын көрсетіп берді.Абай мақсатқа жету үшін еңбектену керек екенігін атап өтті. Абайдың айтуынша еңбек жай ғана қызмет емес адам болмысының айнасы. Абай қазақ тарихында тұңғыш рет заман тынысын толғаған ақын.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып,аяғын шөп шалдырған.

Өлді деуге бола ма,ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған-деп төрелігін өзі шешкен. Абай бүгінде жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл ,бойы өмір сүріп келеді жәнеде мәңгі өмір сүре бермек.